№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір ғажайып!

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

Біздің келешегіміз жарқын бролады. Тәтті балалық шақ – тәтті өмірдің бастауы. Әке мен шешенің, ата мен әженің, аға мен әпкенің, бауырларыңның ортасында саған деген ыстық ықылас, меірім, нағыз бақытты кезең. Барлық баланың бақытты болуға құқы бар. Өркениеттің етегіне жармасып жүрміз. Санасын есірткіге улаған бала мен жетім тағдырларды көргім келмейді.
Отбасы – менің ең қымбат ортам. Менің ең сүйікті адамдарым. Менің достарым. Ал осы құнды қымбат қазыналардан талай адам есірткінің арқасында айырылып қалуда. Әдетте есірткіге жасөспірім саналы түрде емес, аңғалдықпен, балалық аңқаулықпен, жеңіл өмір іздеп тап болып жатады депойлаймын. Тәуелдік – барлық нәрсені құрбандыққа шалады. Сондықтан адам өтірік сөйлеуге, ұрлыққа, қылмысқа барады. Отбасындағы берекесіз жағдайлар, әке мен ананың жанжалы, жақын адамдардың саған деген көзқарасы, әке мен ұлдың, ана мен қыздың арасындағы түсінбеушілік есірткіге жол салдырады. Өзін жеңу, өз нәпсіңді жеңу – үлкен жігер,намысты оятады. Ақыл, қайрат, жүрек ластанған денеде барлық аурулар жайлайды. Есін жоғалтып қана қоймай, барлық жақсы қасиеттерді жоғалтып алғанын кеш ұғынады. Азан шақырып қойған есімің де өзгереді.
Адам баласы армансыз өмір сүрмейді. Менің де армандарым бар. Осындай керемет заманда өмір сүргеніме қуанаын. Барлық жақсылыққа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Оқу, білім алу, мамандық таңдау. Отбасым, мектебім, ауылым. Ғажайып бақты іздеген саяхатшы сияқтымын. Аспан әлемі, Жер ана мені алақанына салып тербетіп келетінінұққандаймын. Мен ересекпін. Осындай тамаша өмірді бағалау – ертеңнің еншісі. Бірақ мен осы шақта қалғым келеді. Мен – Қазақтың қызымын.Ұлтымның сал-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтейді. Нағыз кереметтәрбиенің бәрі ұлттық дәстүрде, - деп айтып отыратын апам.
Нашақор адамдардың жанашырлары арнайы емдеу орындарына жүгінбейді. Жасырын емдетеді. Уақыт жоғалтады. Ем қонбайтынына көз жеткенде ғана емдеу орындарына келіп жатады. Бұл менің теледидар, әлеуметтік желіден оқыған, білген деректерім. Наркологтар бұл ауруды емдейді. XXl ғасыр медицинасы дамыған. Нашақорлықпен күресу – қиын, ұзақ уақытты алады. Төзім, шыдам, күш-жігер жақсылыққа жетелейді.
Бақытты балалық жайқалған жасөспірім шақ біздің алдағы жарқын өміріміздің бастауы. Әпр қазақ баласы есірткісіз ғажайып өмірді қалайды!


Ақниет ТӨРЕХАН
Жаңақорған ауданы
№3 мектеп-интернат
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
16 қараша 2020 ж. 571 0