"Тaza - Like" жобасы қорытындыланды
Бүгін Жаңақорган Ауданындағы бірнеше айға созылған, "ТazaLike" жобасының қорытындысына арналған шара өтті.
Жобаның ұйтқысы болған аудандық "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы және партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары ұйымдастырды.
Мақсаты: көршілердің ауызбірлігін, туған өлкені аялауды насихаттаушы нағыз қазіргі күнде қажеттілікті үндеуші. Аталған шараға Аудандық маслихат хатшысы Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы, Аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас, кент әкімі Ибрагимов Абдрасил, "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Мажитов Арман Әбілпейсұлы және аудан тұрғындары қатысты.
Халқымыз әрқашан тату көршілікті жоғары бағалаған. Жақсы және жаман күндерде біз көршілерімізбен бірге иық тіресіп еңсеріп келгенбіз. Сондықтан «Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық» және «Үй сатып алма, көрші сатып ал» - деген мақал-мәтелдер туындады.
Қазақ халқы «Көршіні Құдай қосады» - дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет – көрші қолаңдармен танысу болған. «Адам күні – адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені, бір іс туып қинала қалғанда да, бір нәрсе қажет болғанда да, ең алдымен, көршілерден көмек сұрап жатамыз.
Көршімен сыйластық – елдің сыйластығын, көршімен татулық – қоғамның татулығын ұқтыратындықтан, Ислам діні көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады. Ұзақ жылдар бойы тұрып, бір-біріне жақын болған көршілер біртіндеп туыс болып кетеді. Тіпті тұрғылықты жері өзгерген кезде де, сүйіспеншілік байланысын үзбеуге тырысады. Нәтижесінде басқа іс түссе, қысылтаяң шақта, алыс-берісте, көмек пен жәрдем, қуаныш пен қайғыда, тіпті атқан таң мен батқан кеште бірінші куәгер болатын да көрші. Демек, жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адам жанына шуақты сезім ұялатады.
Міне осы мақсатта аудандық «АMANAT» партиясы көршілер арасында ел-жұртпен жарасымды сыйластық өмір сүруге деген құштарлықты арттыруда «ТazaLike» жобасын ұйымдастырды. Жобаның мақсаты көршілер арасындағы татулық құт екенін, жақсы көрші тынысың екенін насихаттау. Ендеше бүгін осы жоба аясында байқауға қатысуға ұсыныс білдірген 10 көше арасындағы тартысты бәсеке өз мәресіне жетті.
Жобаға қатысушы көшелердің мұқтаждығына қарай марапаты бар, тың идеяларды белге буып, тәуекел етуші бастама, ауызбірлікке, көршінің татулығына, еңбекке баулуға, салауатты өмірді шын көрсетуші жобаларды толық қуаттайды, әрі қолдауға дайын!!!
қорытынды күннің бағдарламасында:
-таза көше;
-көгалды көше;
-ұйымшыл көше; номинациялары бойынша ерекше мотивация қойылып отырған жоба.