№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына партиялық мониторинг жүргізілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына партиялық мониторинг жүргізілді

“AMANAT” партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанынан аудан бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөнінде мониторингтік жұмысшы тобы құрылды.


Мониторингтік топтың құрамында «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мажитов Арман Әбілпейсұлы, аудандық маслихат депутаты, фракция жетекшісі Тілеубергенова Әсемгүл Манапқызы, аудандық маслихат депутаты Қалдыбеков Ғалымжан Жәнібекұлы, "Орталық" бастауыш партия ұйымының төрайымы Мамирова Алмагүл Жұмаділлақызы , “Жаңақорған тынысы” газетінің тілшісі Бибасарова Лаура қатысты.
Осы орайда, бүгін мониторингтік топ “Ғани”, “Заңғар”, “Береке”, “Қарабура” сауда орталықтарын аралау барысында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сатылымдағы бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ондағы ахуалмен егжей-тегжейлі танысып, жеке кәсіпкерлік субьектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерінен асырмау жөнінде ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




31 шілде 2022 ж. 363 0