№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кеңесте көлік жөндеудің шебері тұрады

Кеңесте көлік жөндеудің шебері тұрады


Бүгінде жастар үшін не көп, қалауын тауып жасай білсең, қарапайым халықтың шынайы ризашылығына бөленетін кәсіп жетерлік. Тек ерінбей еңбектене білсе болғаны. Оны біз күнделікті өмірден көріп жүрміз. Жастайынан еңбекпен есейген сондай жастың бірі – Нұрсұлтан Сәрсенбаев. Жиырма төрт жасар көлік шеберін іздеп, Бесарық ауылына қарасты Кеңес елді мекеніне бардық. Шағын гараждан көлік жөндеу орталығын ашқан Нұрсұлтанның қызметіне сұраныс жоғары. Себебі, ол жастайынан әкесінің қасынан қалмай, көлік жөндеу де қолқанат болған.


– Оқушы кезімнен техникаға өте үйір болдым. Техниканың тілін әкемнен үйрендім. Ол кісі көлік жөндеу шебері. Мектеп бітіргеннен кейін, Қызылорда қаласындағы политехникалық колледжді мұнай және газ саласы бойынша тәмамдадым. Десе де, жүрек қалауы техникалық қызмет көрсету бағытына ауып, Түркістан шаһарында көлік жөндеу орталығында техниканың қыр-сырына кеңінен қанықтым. Қазір төрт жылдан асты үй ауласында көліктің майын ауыстырудан бастап, моторын жөндеуге дейінгі қызметті атқарамын, – дейді Нұрсұлтан.
Жігерлі жас жақында кәсібін кеңейтпек мақсатта Жастар жылы аясында бастау алған «Жас кәсіпкер» жобасымен Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында үш апталық бизнес курсты оқып алды. Сосын бизнес идеясын қорғап, қайтарымсыз 505 мың теңге көмек қаржыға қол жеткізді. Қолдау қаржыға көлік жөндеуге қажетті құрал жабдықтарын сатып алды.
– Өзім сыртта көп жұмыс жасағандықтан бір нәрсені ұқтым. Мәселен, қалалық жерде көлік жөндейтін қай орталыққа бара қалсаңыз көбіне өзге ұлт өкілдерінің уақытпен санаспай жұмыс жасап жатқанының куәсі боласың. Сонда маған «Неге менің замандастарым бұл жұмысты жасай алмайды? Жоқ әлде, шынымен қолынан келмей ме?» деген ой мазалайтын. Міне, осылай жүріп меңгерген мамандықты ысырып қойып, көлік жөндеу көшін өзім бастауға бел будым. «Ерінбеген етікші болады» дегендей, ауыл жастарының қолынан келмейтіні жоқ. Ынта мен жігер болса болғаны, – дейді Нұрсұлтан Сәрсенбаев.
Байқағаным, жас шебердің мақсаты айқын. Кәсібін кеңейтіп, келешекте компьютерлік диагностикасы мен геометриясы бар орталыққа айналу. Әрине, бұл үшін өзінің еңбегінен бөлек мемлекеттік қолдауға зәру. Десе де, қазіргі таңда Нұрсұлтанның үйіне келушілер саны көбейіп, автокөлік жөндеуде түрлі сапалы қызмет отырған кеңестік кәсіпкердің сервистік қызметіне тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары екенін білдік.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
26 қазан 2019 ж. 882 0