№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Екі қабатты үйдің екіншісі құрылысы қарқындады

Екі қабатты үйдің екіншісі құрылысы қарқындады



Естеріңізде болса, Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев Саяжай мөлтек ауданынанан 16 көпқабатты үй түсетінін айтып, елді қуантқан еді. Сол он алты үйдің алғашқы үйінің құрылысы сәтті аяқталып, екінші үйдің құрылысы басталып кетті. Құрылысты "СМП –Қызылорда" ЖШС жүргізуде. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс алаңына барып, құрыш қолды қызметшілермен тілдесіп қайттық.

Құрамында 60 құрылысшысы бар мердігердің жетекшісі Асылхан Кішкенеев: "Бірінші салынған үйді сәтті аяқтағандықтан, міне, екінші үйдің құрылысын жүргізуді бастадық. Бүгін бірінші қабаты бітуде. Қыстың ауа-райы құрылысқа кері әсері болмайды. Оның барлығын алдын ала ойластырдық.  26 маусымда проекті бойынша өткізу керек болса, біз сәуір айында өткіземіз деп ойлап отырмыз. Дегенмен де, бір Жаратушының қолында!", – деді.
Бізді қуантқан бір жәйт, жаңа үйдің кешенін жүргізіп жатқан құрылыста 7 жаңақорғандық жігіттер бар екен.
16 қаңтар 2018 ж. 1 583 0