Соңғы жаңалықтар

№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Референдум – әділеттіктің бастау

Референдум – әділеттіктің бастау


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды Ата заңнан басталуы әділеттіліктің бастауы деп білемін. Өйткені кез-келген ел үшін татулық пен бейбітшілік, халықтың әл-ауқаты маңызды. Мен республикалық референдумға  Манап ауылдық округіне қарасты Талап бекетінде №318 дауыс беру учаскесінде «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде қатыстым. Сайлау барысында ешқандай құқық бұзушылық орын алмады. Ауыл тұрғындары ұйымшылдықпен өз таңдауларын жасады. Осыдан халықтың ел болашағы үшін бейжай қарамайтынын аңғардым. Мәселен, №318 сайлау учаскесі бойынша 249 сайлаушы қатысып, оның 225-і  оң шешімін жақтап дауыс берді. Ал, төрт адам теріс пікір білдірсе, бес бюллетень жарамсыз болды. Он үш бюллетень пайдаланылмаса, екі бюллетень жәшікке пайдаланылмаған күйінде салынған. Әділетті қоғам құрудағы еліміздің болашағы жарқын, еңсесі биік болатынына сенімім мол!
Наурызбай Ерікұлы
07 маусым 2022 ж. 1 129 0