Рашид Нальтаев : Ел болашағы үшін дауыс бердім
Бүгін Жаңақорған ауданының №__321_ дауыс беру учаскесінде «AMANAT» партиясының өкілі ретінде қатысып отырмын.
Дауыс беру учаскесі өз уақытында ашылып, жауапты адамдар барлығын талаптарға сай ұйымдастыруда.
Әр жерден келген ұйым өкілдеріне барлық тиісті жағдайлар жасалған. Референдумға бірінші болып келгендер өз таңдауын жасады. Мен де алғашқылардың бірі болып өз дауысымды бердім.
Бүгінгі күніміздің ертеңгі тарихқа айналатынына сенемін. Себебі бұл өзгеріс біздің болашағымызды айқындайды. Осындай жауапты кезеңде өз үлесімді қосып, «AMANAT» партиясы атынан өкілдік етудемін.
Сондықтан бүгін референдумның әділ және ашық өтуін бақылаймын.