№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдум бойынша Еxit poll нәтижелері жарияланды

Референдум бойынша Еxit poll нәтижелері жарияланды


5 маусымда елімізде өткен республикалық референдумның 3 Еxit poll нәтижеcі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық пікір» институты 5 маусым күні 600 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама – Еxit poll жүргізді. Оның 360-ы қалада, 240-ы ауылда ұйымдастырылды. Сауалнама республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар, ауылды елді мекендерді қамтыды. Сұрауға 24 мың респондент қатысты. Респонденттерге «Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.

«Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау білдірген респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Еxit poll нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1 пайызды құрады», – делінген зерттеуде.

Cонымен қатар «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі сайлау учаскелерінің шыға берісінде Exit poll өткізді. Сауалнама алу 375 учаскеде, оның ішінде 225 қалалық және 150 ауылдық референдум учаскесінде жүргізілді. 15 мыңнан адамнан сауалнама алынды. Зерттеу қорытындысының қателігі 2,7 пайызды құрайды.

Демократия институты Exit poll бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Ол Қазақстанда 2007 жылдан бергі сайлау науқандары кезінде бейімделген әдістеме арқылы жүргізілді. Ал «СОЦИС-А» компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесі сауалнамаға қатысқандардың 76,7% Конституцияға өзгеріс енгізуге «иә» деп жауап берсе, 23,3% қарсы болған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын берді. 5 маусымда астана уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды.

ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өткізілген республикалық референдумда 8 030 739 азамат бюллетень алғанын айтты. Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.
06 маусым 2022 ж. 237 0