№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңақорған ауданының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда

Жаңақорған ауданының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда



Жексенбілік таң. Сағат 6-дан ашылған 336 сайлау участкесі дауыс берушілерді қарсы алуға қамдануда. Әзірге бюлетень салынатын жәшік бос, бір сағаттан соң оның ішіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының тізімінің тұсына белгі қойылған қағаздар келіп түсетін болады. Міне маңызды сәт те келіп жетті. Сағат тілі тура 7.00-ді көрсеткенде учаскіде әнұран ойналып, алғашқы дауыс беруші азаматтар легі сайлау мүшелері отырған жаққа қарай ағылды. Қолдарына бюллетень алып, таңдау жасауға аттанды. Кент тұрғыны Құлымбетов Бауыржан Ғазизұлы таң сәріден тұрып, өзінің азаматтық борышын орындау үшін ертерек келген.

- Таңдау жасау әр қазақстандықтың міндеті деп білемін. Сондықтан бүгін ерте тұрып, учаскіме келдім. Еліміздің гүлденуі, алға қарай дамуы үшін таңдау жасадым -дейді кент тұрғыны.
Сөйтіп, алғашқылардың бірі болып №336 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады. №336 сайлау учаскесі карантиндік нормаларды қатаң сақтанған.
10 қаңтар 2021 ж. 2 905 0