№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елімізде сайлау турады заңға өзгерістер енгізілмек

Елімізде сайлау турады заңға өзгерістер енгізілмек


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу жөнінде қаулы қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасы Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленген. Заң жобасы сайлау заңнамасына жаңа институттарды енгізу, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою арқылы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасын әзірлеудің мақсаты – іргелі сайлау қағидаттарын сақтауды одан әрі қамтамасыз ету. Конституциялық заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар барынша ашық және демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын», - деді депутат Нұрлан Әбдіров.
Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында палата депутаттары «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.
Сонымен қатар, газ және газбен жабдықтау мәселесі талқыланып, электронды сауда алаңдарын енгізу ұсынылды.
Назерке Абибулла
02 мамыр 2018 ж. 1 514 0