№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛОРДА ДА 5G ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛМАҚ

ЕЛОРДА ДА 5G ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛМАҚ


Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек ауданда 5G желісін тарту бойынша пилоттық жоба қолға алынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен аудан әкімі смарт технологиялардың адам өміріне қалай әсер ететінін айтты.
«Бұл жобаларды енгізудің мақсаты – халықтың тұрмысын жақсартып, мемлекеттік қызмет алуды жеңілдету. Мысалы, «Сергек» бейне-бақылау камералары халықтың менталитетін өзгертіп, олардың құқықтық мәдениетін көтерді», - деді әкім «Сарыарқа» ауданының І инвестициялық форумында.
Сонымен қатар Арман Тұрлыбек алдағы уақытта Сарыарқа ауданында 5G желісін тарту жобасы қолға алынатынын жеткізді.
«Бүгін біз «Технологиялар және байланыс ұлттық зерттеу институты» АҚ-мен 5G желісін сынақтан өткізу, дамыту және жобалау туралы меморандумға қол қоямыз», - деді ол.
«Сарыарқа» ауданының І инвестициялық форумында 30 млрд теңге шамасындағы 11 құжатқа қол қойылды. Олар:
- Жол метеостанцияларын орнату бойынша: Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппараты мен және Marcel Boschung AG (Германия) арасындағы серіктестік туралы меморандум;
- Қар еріткіш жабдықты жасау және МЖӘ-нің қарды еріту жобасы саласында серіктестік жобасы бойынша: Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппараты мен TrecanCombustion компаниясы (Канада) мен ANTMachinery фирмасы өзара түсінушілік және серіктестік туралы меморандум;
- Жаяу жүргіншілер бульварын салу бойынша: Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппараты, «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Сity boх» ЖШС арасындағы өзара түсіністік және серіктестік туралы меморандум;
- Футбол алаңдарын салу бойынша: Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппараты және Duol (Словения) компаниясы арасындағы серіктестік туралы меморандум;
Инновациялық даму шеңберінде:
- Жас көшеттерді мелиорациялау кешенін басқаруға арналған инновациялық технологияларды енгізу бойынша: Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппараты мен «Smart Irrigation» компаниясы арасындағы серіктестік туралы меморандум;
- ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппараты мен Астана медициналық университеті арасындағы студенттік жатақхана құрылысы бойынша серіктестік туралы меморандум;
- Астана қаласының «Сарыарқа ауданы әкімдігі аппараты мен «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ және «Keruen Global» компаниясымен арасында «Гастраномиялық базарды салу» бойынша меморандум;
Айта кетейік, аталған форумды қалалық Инвестиция мен кәсіпкерлікті дамыту басқармасы және «Astana Invest» инвестицияларды дамыту қалалық орталығы көмегімен «Сарыарқа» ауданы әкімдігі ұйымдастырды.
Дәурен ЕРБОЛАТ
28 сәуір 2018 ж. 1 107 0