«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Киелі мекен Қосүйеңкім екен

Киелі мекен Қосүйеңкім екен


Аудандық мәслихат депутаты Жасұлан Амалбеков аудан басшысына осы ауылдың атынан сайланған халық қалаулысы ретінде ауылға кірер тұстағы ескірген көпірдің жай-жапсарын баян етті. Мәселеге қаныққан Мұрат Жолкелдіұлы қосымша қаражат көзін қарастыратынын, ел-жұрт үшін маңызды саналатын көпір құрылысын жаңалауды мүмкіндігінше тездетіп бастауға пәрмен беретінін айтты.

Ауыл ішіне ене бастағаннан Қосүйеңкінің бірлігі бекем ауыл екенін бірден аңғарасың. Тазалығы да, орталық көшелерінің жанға жайлы жер екенін де ерекше атап өтуге болады. Өйткені арғысы Құлан ақын, бертінде әнші композитор Бексұлтан Байкенжеев, жазушы Дүкенбай Досжан, Тынымбай Нұрмағамбетовтың кіндік қаны тамған жерінің аман, елінің тыныш, басқан қадамы жақсылық екенін аңғару қиын емес.
Ауылда алабөтен мәселе жоқ екенін айтқан ақсақалдар енді ғана әкімдік қызметке кіріскен Мұрат Тілеумбетовке сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Ауыл мектебінің тыныс-тіршілігімен танысуды жөн санаған әкім жаңаша ойлап, жаңа технологиялар және инновациялар дамыған заманда білім ордасындағы әр бағыт, әр пән бойынша оқушылардың жұмысына зер салды.
Тұрғындар өтініші бойынша аудан басшысы ауылдағы асар әдісімен 1958 жылы салынған ескі клуб үйінің ішкі-сыртқы жағдайымен танысты. Одан әрі аудан прокуроры Дарын Әбіш екеуі ел алдына күнде келе бермейтіндіктен жеке қабылдау өткізіп, айтылған мәселе бойынша жұмыс жүргізілетінін талқыға салды.

Лаура АЙДАРХАН
14 мамыр 2022 ж. 414 0