Бірлігі бекем ауыл
Бұдан соң аудан басшысы Жаманбай батыр ауылына бет алды. Тұрғындар тарапынан ауылдың тыныс-тіршілігінен хабардар болған әкім ендігі кезекте елдің ұсыныс-пікірін тыңдады.
Ауылдықтардың айтқан негізгі мәселесі: ауыл көгілдір отын тұтынатын жағдайға жетсе, содан соң балтырың сыздап, басың ауырғанда баратын асар әдісімен салынған ауылдық емхана жетпісінші жылдардан келеді екен, бүгінде тым ескі жағдайда екені айтылды. Үшінші, жастар спортпен айналысу үшін елдемекенде бір спорт кешені болса деді. Ең басты мәселе, Бесарық су плотинасынан келетін су жолына лоток жүргізуді сұрап, бұл суды ел тегін пайдаланса деген ұсыныстарын айтты.
Бұл сұрақтарға ретімен жауап берген аудан әкімі биыл Бірлік және Қыраш ауылдарына газ жүргізуге республикадан 700 млн теңге бөлінгенін және Шалқия кенті мен Құттықожа елдімекеніне қосымша аудандық бюджеттен қаржы бөліп, жетпегенін республикалық бюджет есебінен жүргізуді жоспарлап отырғанын тілге тиек етті. Ал жаманбайлықтар көгілдір отынның игілігін көруі үшін мына Бесарық бекеті тұсынан АГРС салынуы керек. Осыдан екі жылдай бұрын бұған мүмкіндік те болған. Алайда АГРС аудан орталығында салыну керек деген желеумен жоба Жалағаш ауданына өтіп кеткенін жеткізді. Енді оны салу үшін 1,5 млрд-қа жуық қаржы керек. Бұл үлкен көлемдегі қаражат болғандықтан жоғарыдан бөлінетіні белгілі. Егер осыған қол жеткізіп жатсақ ауданда 12 ауыл газбен толықтай қамтамасыз етілмек. Емхана мәселесін де назарда ұстайтынын айтқан әкім спорт кешеніне қатысты сауалға сметалық жобаны жылдың соңына дейін ауыл әкімі тиісті жерге өткізсе, Құдай қаласа, ауыл балалары келесі жылы спорт кешенінің шарапатын көретінін айтты.

Лаура АЙДАРХАН