«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел аманатын ер арқалайды

Ел аманатын ер арқалайды


Жуырда өткен саяси науқанды халық демократиялық бағытты ұстанған сайлау болды деп есептейді. Бұл атқарушы билікке деген ел сенімін арттыра түсті. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен 25-ші шілде күні елімізде алғаш рет аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп, Жаңақорған ауданында 13 әкім халық таңдауымен сайланды.


Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов сайланған әкімдерге тілектестігін білдіріп, жаңа қызметтің жауапкершілігі мен сенімін жеткізіп, сәттілік тіледі.
Алдымен Екпінді ауылдық округі әкімі болып сайланған Қайрат Қожамжаровты жаңа қызметімен құттықтап, әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысуымен әкім орынтағына отырғызды.
–Бұған дейін атқарған қызметтік тәжірибеңіз бар, енді халық атынан үлкен сенімге ие болдыңыз. Жалпы, халықпен етене қызмет жасау бір жағынан жеңіл, өйткені көптің қолдауы ауыр істі жеңілдетеді. Екінші жағынан ауыр, олай болатыны – жауапкершіліктің салмағы зіл батпан.
Осыған дейін, әрбір ауылды үш-төрттен аралап, елмен жүздесіп, ауылдағы өзекті мәселеге маңыз қойып келемін. Сондай ел ұсынысы Екпінді ауылдық округінен түскен еді, оның да түйіні шешіліп отыр. Қазір ауылға кіреберіс көпірді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 45 млн теңге қаржы қаралды. Осы құрылыстың сапасын, атқарылу мерзімін қадағалауға алыңыз. Бұл сізге бірінші тапсырма. Екіншіден, ауылішілік жолдарды жөндеуге аудандық бюджеттен мол қаржы қарадық. Оның игілігін осы ауыл тұрғындары да көреді. Мұны да назарыңызға ұстаңыз. Үшіншіден, ескі де жаңа, жаңа да ескі әкім ретінде ел аманатын арқалай білуге тиістісің. Қызметің құтты болсын, – деді аудан басшысы.
Жаңа әкімнің қадамына ауыл имамы Нағашыбек Боранбаев батасын берді.
Келесі кезек Қожамберді ауылдық округіне келді. Сайлауда оза шапқан Нұрқасым Сейтқасымов жігерлі жас жігіт. Бұдан бұрын да ауыл әкімдігінде қызмет жасаған.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов: «Тұлғаң келісті азаматсың, ендігі жасар еңбегің де тұлғаңдай тартымды болсын» деді. Осындай ойын ауылдың ардақты анасы Бейбіткүл Нұрымбетова да қосты.
–Саған сенім арттық, оны ақтайды деп ойлаймыз. Өйткені ұямыздан шыққан ұл ғой, – деп тілеулестігін жеткізді. Ал, ардагер Берікбай Аятов ақ батасын арнады.
Өзгент ауылдық округінің бұрыңғы әкімі Жанұзақ Мырзабаев бұл жолы халық таңдауына түсті. Сөйтіп сайлауда ел сеніміне ие болып, жеңіске жетті.
Аудан басшысы: «Сайлау әділ және халықтың ауызбіршілігімен өтті. Елдік мүддеге жұмылған жұрт Жанұзаққа тоқтапты. Іскерлігі мен ұйымдастырушылығы бағаланды деген осы» деп жаңа әкімді қызметтік орынтағына шығарды.
Округте бірнеше жоба жүзеге асуда. Орталық алаңда құны 4,9 млн теңгеге тренажерлық алаң құрылысы жүргізілуде. Мұнымен қоса жол жөндеуге мән беріліп отыр. Ол туралы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәмшидин Рахманов аудан әкіміне бағыттап: «Бүкіл ауыл үшін Досан ата көшесі ең бір өзекті мәселе еді. Соны сіз назарға алып, шұғыл шешіп бергеніңізге ризамыз» деп көңілдегі ойын жеткізді. Айтпақшы, дәл осы көшеде 15 батыр ана тұрады. Олардың да ой ниеті орындалмақ.
Қожакент ауылына ерте келдік. Оның мәнісі бар. Аудан әкімі әуелгі әдетімен ауылдың ішін аралап, көшелердің жайымен танысты. Жаңадан бой көтерген атаулы бақ жұмысын көрді. Қос мектептің күйіне көңіл бөлді. Сөз арасында биыл ауылдық округтің төрт көшесіне орташа жөндеу жүретінін де жеткізді. Бұл – аудан басшысының қарапайымдылығымен қатар жүзеге асыруға тиісті жұмыстарды өз көзімен көргенге әдеттенгенін білдіреді.
Ауылдық округ ғимаратына кісі көп жиналды. Бәрі де тілеулестер. Ақсақалдан бастап жастар да жүр. Бұлар ел үмітінің орындалғанын ортаға салғысы келеді.
Айту керек, тоғыз жыл әкімдік қызмет атқарған Әсілбек Айтжановтың іскерлігін елі жоғары бағалады. Енді жаңа қызметке келген Елеусіз Жиенқожаевқа тілеулестік танытып отыр. Осы орайда Рүслан Рүстемұлы:
– Ежелден берекесі тасыған елеулі ел едіңіздер, сол абыройды сақтап, бірлігі бекем қоғамды қалыптастырдыңыздар. Еңбекке құлшынбайтын азамат бұл ауылда жоқ. Кешегі сайлауда да ұйымшылдық көрсеттіңіздер. Бүгін ел таңдаған Елеусізге сәттілік тілеймін» дей келе жас әкімге ел болып қолдау жасауды сұрады.
Көпшілікке бағыттап ел атасы Сатыбалды Бұйрабаев бата беріп, азаматқа ақ жол ниетін айтты.
Аудан әкімінің орынбасарлары қалған ауылдық округтерге сайланған әкімдерді құттықтап, қызметте табыс тіледі.

Қаныбек АБДУОВ
31 шілде 2021 ж. 470 0