№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауқымды мәселе ақылдастықпен шешіледі

Ауқымды мәселе ақылдастықпен шешіледі


Одан әрі Манап ауылдық округіне табан тіреген аудан әкімі әуелі ауыл­дағы мектеп-интернаттың жағдайымен танысты. Тәрбиеленушілер мен тәрбие­шілердің жағдайын сұрап, білім алудың маңызы мен мақсатына тоқталды.

Расымен ғимараттың көнелігіне көз жеткізген Мұрат Жолкелдіұлы жаңа мектеп-интернаттың құрылысы жөнін­дегі мәселені келесі жылдың еншісіне қалдырды. Осы ретте ауданның бас ұс­тазы Болат Ибрагимов білім ордасының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстан қаржы бөлінетінін айтты.
Өз кезегінде Манап ауылындағы ақсақалдардың негізгі сауалы жайы­лымдық жерге қатысты өрбіді. Жер үлескерлері есебінен бордақылау ке­шенін салып жатқан кәсіпкердің ісін әшкерелеп, өздеріне тиесілі жерді қай­тарып беруді талап етті.
Аудан басшысы жиналған жұртқа Қазақстан құқықтық мемлекет екенін түсіндірді. Жер қайтарылған күннің өзінде конкурсқа түсуге міндетті. Оның өзін құжатын кім ықтияттап өткізеді, сол алады. Сондықтан бұл мәселе өзгеріп отырған заң аясында шешілетінін жеткізді.
Осы ретте жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов: «Алдымен жер басқару инспекциясы қандай құқықтық баға береді, бәрі соған байланысты» деді.
Мәселенің мәнісіне келсек, 2005 жылы 181 адамнан тұратын тізімдегі адамның әрқайсысы 9,7 сотықтан жер алған. Бірақ мемлекеттік акт алынбаған. Себеп ол кезде қаржылық мәселеге келіп тірелсе керек. 2006 жылы төрағалық мандат Балқожаевтан Балтабаеваға өтеді. Құжаты жоқ 2772 га жер учаскесін кәсіпкер азамат өз атына рәсімдейді. Осы мәселе бойынша енді барлық құжатты облыстық жер басқармасы инспекциясы зерделеу үстінде. Шешімді шығаратын да солар. Егер резервке жайылымдық жер қайтатын болса, оның мемлекеттік жер қорына қайтатынын да түсінген жөн.
Ал жол мәселесін көтерген тұрғынға аудан басшысы дәйекті түрде жауап беріп, қаржының бөлінгенін, алдағы уақытта жұмыстың басталатынын айтып, ақжолтай жаңалықпен бөлісті.

Лаура БИБАСАРОВА
14 мамыр 2022 ж. 350 0