№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СПОРТТАҒЫ БӘСІ ҚАНДАЙ?

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СПОРТТАҒЫ БӘСІ ҚАНДАЙ?

  Соңғы жылдары денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәніне жіті көңіл бөліне бастады. Республикалық, облыстық және аудандық мектеп спартакиадасы оған нақты дәлел. Сыр өңірінде дәстүрлі оқушылар жарысы биыл да жалғасын тапты. Көктем және күзде өтетін аймақтық сынға жаңақорғандықтар белсенді қатысып, облыс құрамасы сапында өнер көрсетіп келеді. Облыстық сындарда үздік үштіктен түспейтін аудан мектептерінің биылғы жетістігі қандай болды? Осыны саралап көру үшін пән мұғалімдерімен сұхбаттасқан болатынбыз.


 Алдымен, аудандық білім бөлі­мінің денешы­нық­тыру және АӘД пә­нінің әдіскері Қайрат Оралбековпен тілдескенде:
– Облыстық білім басқармасы аймақтық денешынықтыру орталы­ғының тапсырмасымен екі жылда бір рет ауданда оқушылар спартакиадасын ұйымдастырамыз. Биыл ұстаз­дар жарысы болса, келер жылы шәкірт­тер сынға түседі. Басты мақсат – дене тәрбиесін қалыптастырып, мұ­ға­лімдер тәжірибесін толықтыру, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына себепкер болу. Шыны керек, аудан оқушылары қай спорт түрінен болмасын жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Әр аптаның соңында әдістемелік күнін жасап, аптаны қорытамыз. Кем-кетік тұстарды та­­ра­зылап, қателіктердің орнын тол­тыруға тырысамыз. Осы тұста, ау­дандық білім бөлімінің басшысы Болат Мақсұтұлына алғыс білдіремін, – деді.
Былтырдан бастап ұлттық мектеп лигасы қолға алынып, облыстық іріктеу сыны өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты – денешынықтыру пәні мұғалімдерінің спорт жаттық­тырушыларының көлеңкесінде қа­лып қоймауды басшылыққа алу дейді мамандар.
Яғни, пән мұғалімдерінің жұмысын жүйелей отырып, олардың еңбегін еселеу болып табылады. Сондай-ақ, балалардың спортқа дейінгі деңгейін анықтауға бағытталған жоба екен. Бұл сыннан да аудан оқушылары үздік нәтиже көрсетуде. Қазір облыс орталығында спорттың жеті түрінен аймақтық оқушылар сайысында ба­ғын сынауда.
Жылдың басында №196 мектепте ауданаралық мектеп оқушылары ара­­сындағы жарыстарға іріктеу өт­кен болатын. Соның нәтижесінде жас спортшылар облыстық сынға жол­дама алды. Одан бөлек, №192 мек­тепте Мәткәрім Досжановты еске алуға арналған турнир де жастарға мүмкіндік береді.
– Шыны керек, аудандық білім бөліміне Қайрат Оралбеков әдіскер болып келгелі дәстүрлі жарыстар жүйеленіп, оқу­шылардың спорттық сайыстарға қатысуына жол ашыла түсті. Қазір барлық спорт түрлерінен оқушылар дайындығын пысықтауда. Футбол, баскетбол, көпсайыс және жекелей сындарда шәкірттер жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, жуырда футболдан облыс атынан Оразәлі Тасболатовтың оқушылары респу­бликалық лигада күміспен оралды. Сондай-ақ, баскетболшы ұл­дар мен қыздар да облыс құрамына ілі­гіп, Ақтөбеде өткен оқушылар сайы­­сында өнер көрсетті. Сондықтан, мүм­кіндігінше жастарды салауатты өмір салтын ұстауға жағдай жасап келеміз, – деді денешынықтыру пә­ні бірлестігінің жетекшісі Мұхтар Өрғараев.
Енді әскери тәрбие беретін пәнге көшсек. Қазір ауданда 42 мектеп болса, соның 36-да АӘД пәні бар. Пән бойынша жүргізілетін патриоттық тәрбие жұмыстары жүйелі жолға қойылған. «Айбын», «Жас ұлан», «Жас мерген» және «Мерген ару» сын­ды жыл сайын өтетін дәстүрлі сайыс­тарға аудан оқушылары тұ­рақты қатысып келеді.
– 2011 жылдан бері облыстық деңгейде «Мерген ару» сайысы өтеді. Біздің ықпал етуімізбен Сыр өңірінде тұңғыш рет «Жас мерген» сайысын өткізу жоспарға енді. Қазіргі кезде мергендер сайысынан аудандық ірік­­теуге балалар дайындаудамыз, – деді АӘД пәні бірлестігінің жетекшісі Жамбыл Сырымов.
Ең алғаш 2012 жылы №195 мектеп-гимназияның «Сұңқар» коман­дасы Қызылордадағы №2019 әскери бөлімінің жаттығу база­сында «Ауыл жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйым­­дастыруымен өткен патриоттық сайысқа қатысады. Сайыстың бес тү­рінен өткен жарыс қорытындысы бойынша аудан оқушылары үздік атанады. Сол уақыттан бастап шәкірт бойына патриоттық ұғымды енгізіп қана қоймай, спорттық жарыстарға да дайындайтын Жамбыл ағайдың еңбегі зор.
Елбасы биылғы Жолдауында де­не шынықтырумен айналысу үшін қол­даныстағы, әсіресе, мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайда­лануды тапсырды. Ендігі меже бұдан да биіктерден көріну.
Түйіндей айтқанда, мектеп оқушы­ларының бүгінгі спорттық әлеуетіне қанық болдық.
27 қараша 2018 ж. 1 369 0