Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР ДЕБАТ КЛУБЫ ҚҰРЫЛЫП, АРНАЙЫ ДЕБАТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР ДЕБАТ КЛУБЫ ҚҰРЫЛЫП, АРНАЙЫ ДЕБАТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ




Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылындағы №195 мектеп-гимназиясында «Дебат және Біз» тақырыбын да облыстық семинар өткізілді. Семинар аясында «Ұшқыр ой алаңы» дебат сыныбының ашылу салтанаты өткізіліп, аудандық «Алтын ғасыр» оқушылар дебат клубы құрылды.
Облыстық семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов және аудандық мектептің директорлары мен республикалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар қатысушыларына еңалдымен мектептің домбыра үйірмесі өнерін көрсетіп, оқушылар президенті қонақтарға Балалар жылына орай жасалынған оқушылар көрмесінен таныстырылым жасады. Мұнан соң, аудандық білімбөлімінің басшысы Болат Ибрагимов «Ұшқыр ой алаңы» дебатсыныбы мен аудандық «Алтын ғасыр» оқушылар дебатклубын салтанатты түрде ашып, лентасын қиды.
Ауданымызда осы кезгедейін түрлідеңгейде оқушылар арасында дебат сайыстары ұйымдастырылып, шәкірттеріміз облыстық, республикалық деңгейлердегі бәсекелерде үздік атануда. Осы тұрғыда бұлжұмыстарды одан әрі жаңғырту үшін “Алтын ғасыр” дебат клубын құрдық. Мұнда әр білім ошақтарында үздік деп танылған оқушылар дебат сайысына дәл осы жаңадан ашылып жатқан кабинетте машықтанып, түрлі сайыстарда аудан абыройын қорғайтын болады, - деді Болат Мақсұтұлы.
Ғылымға негізделген білім ордасының цифрлық әлеуетін таныстыру мақсатында семинарға қатысушыларға робототехника үйірмесінің жұмыстары көрсетілді. Үйірмеде тәлімалатын оқушылар бағдарламалау негізінде жасаған роботтардың жұмыс процесін таныстырды.
Жайылма ауылдық округында ғы білімнің қарашаңырағы атанған мектеп бүгінде министрлік бекіткен төрт жобаны тиімді жүзеге асыруда. Соның ішінде шарада оқушылар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бук-трейлерден TEDx форматында оқыған кітаптарын талдап, таныстырылым жасады. Мұнан соң, «Мектеп театры» жобасы бойынша 3 сыныптың оқушыларынан құралған «Қуыршақ» театры орыс халқының «Үйшік» қойылымын қойып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов мектепбасшылары мен ұстаздарын аталмыш төрт жоба бойынша тұрақты түрде жұмыс жасауға шақырып, тәжірибе ретінде басқа білім ошақтарына таратылуы қажеттігін атап өтті.
#Облыстық Білім Басқармасы
#Жаңақорған Ауданы
#Пресс Тур
25 сәуір 2022 ж. 392 0