№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қожамбердіде 42 мектептің директоры бас қосты

Қожамбердіде 42 мектептің директоры бас қосты


Жақында Қожамберді ауылындағы №162 жалпы орта мектебінде «Оқыту мен тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды тиімді ұштастыру жолдары» тақырыбында семинар – кеңес өтті.


Аудандағы 42 мектептің директорлары мен жаңашыл педагогтер қатысқан алқалы басқосуда ауыл мектебінің жетістіктері қонақтардың назарына ұсынылды. Семинар мақсаты – қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік сұранысының негізі жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрі ұлттық құндылықтарды оқу -тәрбие үдерісіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, өз халқын, өз мемлекетін көзінің қарашығындай қорғайтын, ұлттық сананы қалыптастыру болып табылды.
Бірінші кезекте семинар қонақтарын мектептің тыныс-тіршілігімен таныстыру үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Қазіргі уақыттағы жеткіншектерді заман талабына сай болашақта өмірден өз орнын табуға бағыттау мақсатында ауылдан шыққан жас кәсіпкерлер мен ғылыми жолға түскен түлектер жайлы арнайы бұрыш дайындалыпты. Онда: «Білікті білім жинап, кәсіп етер. Білімнің дәмін татып, өсіп өнер» атты бұрыш келушілерді қатты қызықтырды. Ал Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындаған «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті жердегі тарихи орын Көккесене туралы «Көкпен таласқан – Көккесене», мектепішілік «Сымбат» шебер қолдар үйірмесінің «Шебердің қолы ортақ» және «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» атты оқушылар мен ұстаздар жетістігі жайлы бөлімдер таныстырылды.
Алқалы басқосуға арнайы қатысқан аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов семинардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан кейін мектеп директоры С.Дуйсебаев семинар-кеңестің негізгі бөлімдерін атап, барлық мұғалімдерге басқосуға белсенді қатысуға шақырды. Одан әрі бағдарлама регламентіне сай мектеп тренері Ж.Асылбекова тренинг ұйымдастырып, химия, физика, ағылшын тілі, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білгенімен бөлісті.
Оған қоса, «Абай мұрасы – асыл қазына» тақырыбында танымдық сабақ пен «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» пилоттық жобасы аясында «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты «Шаңырақ» сағаты өткізілді.
Шараның екінші бөлімінде «Баршын» өнер үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен жергілікті жердің тарихи деректеріне сүйене отырып дайындалған «Туған жерім – тұнған шежіре» тақырыбында музыкалық қойылым көрсетілді.
Семинар-кеңесті түйіндеген ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов үздік ұстаздарды арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, алдағы уақытта білім бағытындағы мұндай маңызды басқосулар жалғасын табатынын жеткізді.

Ұлданай МАМАНОВА,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

18 ақпан 2020 ж. 713 0