№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕҢСЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ БЕЛЕСІ

ЕҢСЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ БЕЛЕСІ


Ақүйік ауылдық округіндегі Сұлтанбек Қожанов атындағы №55 мектебіне кірген кезімізде «Осы мектепті кезінде 5/5 бағасына кімдер бітірді екен?» деген сауал ойға оралды. Себебі, Кеңес тұсындағы шығармашылық жұмыстарға екі баға қойылатын. Бірі грамматикалық қате болса, екіншісі шығармашылық деңгейі. Осы екеуінен де сүрінбей қатесіз жазғандар «5/5» деген баға алатын.


Мектепті ондай бағаға бітіргендер өмірде де өз орнын ойып алатын. Бұған жауабымызды «Құрмет тақтасынан» тез таптық. Мектепті әр жылдары ғалым Р.Тұрғаналиев, Р.Жанпейісов, М.Есіркепов, ақын М.Көкенов, жазушы Т. Нұрмағанбетов, драматург Ж.Әлмашов, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Әбілов, Б.Алдияр, Ә.Нұрмағанбетов, Н.Ергешбай, Ғ.Егембердиев, С.Раханов және т.б мемлекет және қоғам қайраткерлері бітірген.
Сұлтанбек Қожанов атындағы №55 орта мектепті сегіз жылдан бері басқаратын Айнұр Мырзалиева алдыңғы буын ағалар дәстүрін жалғастырып, оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді атанып жүргендердің бірқатарын атап өтті.
– 2016 жылы мектеп түлегі Ә.Жаппар «Алтын белгі» иегері атанса, өткен оқу жылында Н.Маратқызы осы жолды жалғастырды. Мектептің көрсеткіші жылдан жылға қай жағынан болса да, көтеріліп, алға жылжып келеді. ҰБТ бойынша да серпінді алға жылжушылық байқалды. Өткен оқу жылында мектептің орташа балы–81,3 болып, аудандағы алғашқы ондықтың қатарынан көріндік, – дейді директор.
Биылғы оқу жылында аудандық пәндік олимпиадада 8 оқушы жүлдегер атанды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша А.Заманхан, Б.Заманхан , информатика пәні бойынша И.Абушахма, А.Әбтай, Қазақстан тарихы бойынша Ж.Ералы сияқты оқушылар жүлделі ІІ орынды иеленсе, физика пәнінен С.Шәрібек, география пәнінен Н.Бауыржанұлы, химия пәнінен Н.Наурызова, жүлделі 3 орынды иеленді. Сол сияқты 7 -8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математикалық бағытта өткізілген аудандық пәндік олимпиадада бірнеше оқушы жүлдегер атанса, 8 -сынып оқушысы химия пәнінен Н.Ерланұлы олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысыпты.
Қазақ тілі пәні мұғалімдері Г.Кембілбекова, Г.Есдәулетова, А.Наурызовалардың оқушылары «Ардақты ұстазым» республикалық сайысында жүлдегер атанды. Аудандық «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобының ұйымдастыруымен өткен «Анаға хат» аудандық шығармалар байқауында Г.Есдәулетованың 9-сынып оқушысы Н.Аңламас жүлделі 2 орынды иеленіп, сый-сияпатпен марапатталған.
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумның облыстық кезеңінде «Мамандықты таңдайтын уақыт» аталымы бойынша Ә.Кешубай жүлделі 3 -орынды, 8- сынып оқушысы Б.Орынбасар «Осындай мамандық бар» аталымы бойынша жүлделі 2- орын алып марапатталды. Түркістан облысы, Созақ ауданында қоғам қайраткері С.Қожановтың 125 жылдығына орай өткізілген «Қожанов оқулары» республикалық дәстүрлі байқауында 8-сынып оқушысы Б.Орынбасар «Үздік ғылыми жоба» аталымын иеленді.
Мектеп мұғалімдері Л.Сәрсенова, М.Ергешбаева, Ж.Ахметова, Г.Нұрмаханова, М.Ахметжанова, Т.Әкімбаева, А.Ертаевалардың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Мектепалды даярлық сыныбы мұғалімі Г.Қалдарбек «Үздік мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі- 2018» аудандық байқауында жүлделі 2 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Жақында ғана Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қызғалдақ – өркениет куәсі» атты облыстық өнер фестивалінде 7 сынып оқушысы Н.Көшербайдың жұмысы «Үздік» деп танылды. Осы байқаудың өтуіне ерекше үлес қосқаны үшін технология пәнінің мұғалімі М.Ибрагимов «Алғыс хатпен» марапатталды. М.Ибрагимов қолөнер бұйымдарын жасау бойынша өзінің әдістемелік жинағын шығарды.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмас Әләйдаровтың айтуынша, тәрбие тәжірибе тұжырымдамасы негізінде 8 бағытта жұмыс жасап келеді. Сонымен бірге Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі мектеп тәрбие жұмысына енген.
Сынып жетекшілері – оқушылар-ата-аналар арасында тығыз байланыс орнаған. Мектепте «Сырғалым» қыздар ұйымы қыз балалардың тәрбиесіне баса мән береді. Сынып жетекшілері арасында өткен «Аудандық үздік сынып жетекшісі» байқауында 7 «а» сынып жетекшісі К.Нұрмаханова жүлделі 2 -орынды иеленіп, марапатталды. Мектепте сынып сағаттары және сыныптан тыс жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп отырады. Мектеп оқушыларының белсенділігі зор. Әртүрлі байқауларда, конкурстарда , спорттық – мәдени сайыстарда жүлдегер атанып жүрген оқушылар жетерлік. «Шахмат» үйірмесі бойынша Л.Жүнісованың шәкірттері облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр.Сонымен бірге «Еркін күрес» және «Футбол» үйірмесіне қатысатын спортшы оқушылар үнемі аудандық, облыстық турнирлерде жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыстары аудандық, облыстық көрмелерге қойылып жүр. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу барысында оқушылар арасында жақсы ахуал қалыптасқан. Мектеп ұжымының осылайша жұмыс жасауына мектеп техникалық қызметкерлерінің қосып отырған үлесі көп.

Иса Беркімбай.
25 мамыр 2019 ж. 997 0