№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дария арнасы көңіл қуантады

Дария арнасы көңіл қуантады


Былтыр дарияның деңгейі тым төмендеп, шаруалар ақ егіс пен күріштікке су жіберуде қиналғаны рас. Биыл жақсы жаңалығы дария арнасына су жеткілікті мөлшерде келуде. Ауа-райының құбылуы, жауын-шашын мен қалың қардың еруінен Сырдария өзеніндегі су мөлшері әжептеуір көтеріліп, диқан қауымның қорқынышын сейілтті. Қуанышты хабармен бөлісу үшін ауылшаруашылығы бөлімінің есігін қағып, дала еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігін білдік.


Шыны керек, Сыр өңірінің, жалпы елдің оңтүстік аумағындағы елдің негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы. Әсіресе, егін шаруасына көбірек дем беретін диқаншы қауым аяқ судан таршылық көрмеуі тиіс. Бұл мәселе біздің ауданда да өзекті, бірақ дарияға түскен суды көріп егіншілер сәл де болса көңілдері көтеріліп қалғандай.
– Наурыз айының үшінші онкүндігінен бастап Сырдария өзеннің төменгі ағысына су мөлшері айтарлықтай түсуде. Оған басты себеп оңтүстіктегі көршіміз Түркістан облысы аумағындағы ірі өзендер көктемгі еріген қар сулары мен жауын-шашын әсерінен Шардара су қоймасынан тыс секундына 750 литр су дария арнасына құйылуда. Сондықтан осы суды тиімді пайдалануға жұмыс жасаудамыз. Бірінші кезекте, ауданымызға тиесілі дария бойында орналасқан көлдер мен сай арналар суға толып, экологиялық ахуал тұрақталып келеді. Сунақата және Келінтөбе магистралды каналдары арқылы ақ егіс көлемдерін осы сәтте мүлт жібермей суға бастырып алу қажет,бұл уақыт талабы. ҚР Су ресурстары арқылы Келінтөбе магистралды каналын тазалау жұмысын жүргізудеміз. Қазіргі таңда 12 шақырымға тазалау жұмысы жүргізілсе, негізінен 20 шақырымға дейін жеткізу межесі бар. Ақ егісті суару үшін каналдың бас сағасын ашып, іске кірістік, – деді бөлім басшысы Талғат Зейдалиев.
Бұл қарқынды сулар уақытша екендігін білетін шаруашылықтар қазір ақ егістіктерді суару жұмыстарын бастады. Вегетациялық күріш егу және оны суға бастыру кезеңіне дейін осы суларды жүйелі пайдалану диқан қауымның кезек күттірмес мәселесі. Өткінші суды тиімді пайдаланудың тетігі қалай жүзеге асуда?
– Бүгінгі таңда аудан бойынша 3 300 гектар күздік бидай мен 7 000 гектар ескі жоңышқа дақылдары тырмаланып, 600 гектар күздік бидай, 2 700 гектар ескі жоңышқа дақылдары суарылды. Сонымен қатар, 2 600 гектар жаңа жоңышқа, 59 гектар жаздық бидай және 670 гектар мақсары дақылдары егілді. Егін егу жұмыстары жалғасуда. Ақ егісті неге ерте суарудамыз, себебі бізге жылда сәуір айының ортасында Шардарадан 400-450 метр куб текше метр су жіберіледі. Былтыр ақ егіс пен күрішті суару қатар келіп, қарқынын жоғалтып алдық. Нәтижесінде аяқ судан мәселе туындады. Биыл осының алдын алудың жолы ретінде өткінші суды пайдаланып қалудамыз. 750 литр судың көлемі бәсеңдей бастайды, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаудың қамындамыз.
Сыр беткейдегі ауылдардың негізі егін, оның ішінде күріш өсірумен айналысады. Өйткені, ата кәсіпті дамытуды көздесе, екіншіден оның да тиімді тұсы бар.
– Біз биыл да күріш көлеміне шектеу қойдық, алайда 7 мың гектардан түсіруге болмайды. Өйткені, ауыспалы егістіктің 25 пайызын құрайтын мөлшердеміз. Бұл ең шекті мөлшер, егер күріш көлемін азайтатын болсақ онда тұздану пайда болып, экологиялық зиян келуі мүмкін. Тағы бір жайт, көлдер мен каналдар жүйесін толықтыру үшін Тайпақкөл арнасын аштық. Ал, тау беткейдегі ауылдар аяқ судан тарықпайды деп санаймыз. Жиделі, Көлтоған мен Бесарықтағы су қоймасында су жетерлік, кейбірінде артылып шағын шалшықтарға құйылуда. Сондықтан биыл аяқ судан тарықпаймыз деп ойлаймын, – деді бөлім басшысы.
Жалпы, ауданда ауыл шаруашылы­ғы өндірісімен айналысатын 781 ша­руашылық құрылымдарының 485-і егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 175 шаруашылық күріш өсірумен айналысқалы отыр. Ауданда соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы дақылда­рын әртараптандыруға басымдық бе­ріліп келеді. Биылғы жылы да осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында дәндi дақылдар 12 295, майлы дақылдар 2 055 гектар, мал азықтық дақылдар 19 703 және картоп, көкөнiс, бақша 3 398 гектарды құраса, негізгі дақыл күрiштің көлемі жобамен 7 000 гектарға ықшамдау жоспарлануда екен.
Иә, дария кемеліне қайта келе бастады, бірақ бұрынғыдай арнасынан асып, су шығындау болмайды. Дегенмен соңғы екі-үш жылға қарағанда көңіл толады. Ендеше, бар мүмкіндікті пай­даланып, шаруалар уақыт оздырмай мал азығына дайындалар жем-шөптің өнімін суарып алса, қанекей..!

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
05 сәуір 2022 ж. 261 0