№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі артады

Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі артады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдық ұйымдардың соңғы уақыттардағы белсенділігіне басымдық берді. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерде байыпты бастамалармен көрініп, бірегей жобаларды жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен ҰЕҰ-ға сенім мен жауапкершілік жүктелуі, қолдауға ие болуы ұйымдар жұмысын одан әрі жандандырып, мықты орта қалыптастырады деп сенеміз.


– Реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тарту қажет. Бұл мәселе бойынша жасанды пікірталас өткізіп, көзбояушылық жасауға болмайды, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Ол азаматтық белсенділікті жандандырып, қоғамдық кеңестерді дамыта отырып, бұл кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуетін толығымен жүзеге асыру керектігін тапсырды.
Айта кететіні, ҮЕҰ-ға арналған гранттар биыл да жалғасын табады. Алайда, оның шеңбері кеңейіп, нақты мақсаттарды көздейді. Яғни, қай жүйеде болмасын, ең бірінші халықтың қажеттілігі әлеуметтік жобаға негізделеді. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалуы тиіс.

Нұрхан АЙДАРОВ,
Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының
Жаңақорған ауданы
бойынша өкілі
17 наурыз 2022 ж. 285 0