№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысы Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысты

  Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың бірлігін нығайту және елімізді орнықты дамыту жолында мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті.

   – Осы форум үкіметтік емес секторға тың серпін беріп, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына жол ашуға тиіс. Бүгінгі кездесу барысында күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныстар айтылатынына сенімдімін, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті балалар үйлері мен «Ана үйі» дағдарыс орталықтарына қолдау көрсететін ұйымдардың жұмысына арнайы тоқталды. Соған байланысты, Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін осы жұмысқа атсалысатын үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсетуге шақырды.

    Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жекелеген санаттағы азаматтардың оңалуына жәрдем беру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік маңызы бар басқа да жобаларды іске асыру ісімен айналысып жатқан үкіметтік емес ұйымдарға ризашылық білдірді.
Қазақстан Президенті еліміздің үкіметтік емес секторын дамытудың бірқатар нәтижелерін атап өтті.
    – Үкіметтік емес ұйымдар саны 2003 жылы 5 мың болса, 2018 жылы 22 мыңға дейін жетіп, төрт еседен астам өскен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі 65 есе өсіп, қазіргі кезде 20 миллиард теңгеден асып отыр. Нәтижесінде, бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, іс жүзінде, қоғамымыздың маңызы бар барлық саласын қамтиды, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы үкіметтік емес секторды әлеуметтік саясаттың басты бағыттарына тартудың маңыздылығын айтып, үкіметтік емес ұйымдар жобаларын қаржыландыру ісінің ашық жүргізілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
   – Осы бағытта Үкіметке цифрландыру үдерісінің аясында Үкіметтік емес ұйымдарды тексерудің бірыңғай электронды реестрін жасауды тапсырамын. Мұнда үкіметтік емес ұйымдар өз еркімен тіркеліп, тиісті материалдарын орналастыра алады. Бұл осы ұйымдардың рейтингін қалыптастырып, олардың қаржыландыру көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік береді, – Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы азаматтық бақылау жүргізудің тиімді тетігін құру қажет екенін айтып, бұл ретте Қазақстанның Азаматтық альянсы басты рөл атқаратынын атап өтті.
– Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтерді беру жөніндегі жұмыстарды жалғастырған жөн. Осы бағыттың аясында экология, әлеуметтік жұмыс, балалардың құқығын қорғау және басқа да салалар бойынша жобалар жүзеге асырылуы мүмкін. Үкімет пен Қоғамдық даму министрлігіне барлық айтылған ұсыныстарды мұқият зерттеп, оның іс жүзінде жүзеге асырылуын қарастыруды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.
   Іс-шара барысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау үдерісіне және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге үкіметтік емес ұйымдардың белсенді атсалысуы керек екені айтылды. Осыған байланысты, Елбасы Үкіметке Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
   – Жастар саясатын іске асыру ісінде үкіметтік емес сектордың рөлін күшейту қажет. 2019 жылдың Жастар жылы деп жарияланғанын ескеретін болсақ, бұл мәселе өте маңызды, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев еріктілер қозғалысына қолдау көрсету бағдарламасын кеңейту үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысы осы қызмет түрінің сұранысқа ие екені «ЭКСПО-2017» көрмесі мен XXVIII қысқы универсиаданың өткізілуі барысында анық көрінгенін атап өтті.
   – Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі адамдар, ерекше мұқтаж балалар мен жастар үшін аса белсенді ортаны қалыптастыруға атсалысуы жақсы үрдіс саналады. Инклюзивті қоғамды дамыту ісі – бұл әлемдік тәжірибе әрі барлық дамыған елдердің азаматтық қоғамы жүзеге асыратын маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жүзеге асырып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақалада белгіленген басымдықтар аясында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Елбасы мұнда көрсетілген бағыттар мен жобаларды іске асыру үдерісіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту қажеттігін айтты.
   – Қалалардың, аудандардың әкімдері цифрлық технологияны қолдана отырып, бір терезе қағидаты бойынша халыққа кедергісіз ашық кеңістік қызметін ұсыну жүйесін енгізуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті Үкіметке Азаматтық форум барысында айтылған ұсыныстар негізінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және онда барлық мүдделі мемлекеттік органдарды қамту керектігін тапсырды.

akorda.kz
29 қараша 2018 ж. 1 092 4

Гость Jeahulalf от 13 ақпан 2019 14:51
Tadalafil Et De Dapoxetine cheapest cialis 20mg Precio Cialis Caja Levitra Informazioni Clasificacion Con Propecia

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 13:47
Comprar Viagra Original Kamagra Dosis Sildenafil 100 Mg viagra Acheter Phenergan Elocon Elocon Cream For Sale Harrogate Comprar Cialis Madrid Sin Receta

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 09:17
Cialis 8 Comprimidos Viagra Costo 2013 cialis 5mg Viagra Rosario Antibiotic Cephalexin Drug Kamagra Sans Ordonnance

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 02:41
Site Vente Viagra En Ajaccio Viagra Canada Price Emla http://xbmeds.com buy accutane 20mg Keflex For Strep Throat