№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақсақалдар алғысы еңбектің өтеуі

Ақсақалдар алғысы еңбектің өтеуі


Бірнеше күн бұрын редакциямызға өзге өңірден арнайылап бір ақсақал сәлем бере келіпті. Түр-келбеті таныс емес, жүзінде әжімі мол, көңілін қарттық басқанымен елге айтары бар, аузы дуалы, сөзі мығым ақсақал екенін анық аңғардық. Аман-саулық сұрасқаннан кейін, шаруасын айтып, ауданға келген қонақ екенін түсіндік. Байқоңыр қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Табынбай Әлмаханов деген кісі екен. Мән-жайды сұрасып, Шалқиядағы шипажайға баруға жол бастады.


Жол үстінде түрлі тақырыпты әңгі­меге арқау еттік. Әсіресе, ел жайы, әлеуметтік мәселелер жөнінде сөз сап­тады. Өткен мен бүгінді, келешекті бай­ланыстыра отырып өмірден түйгенін, көргені мен естіген естеліктерімен бөлісті.
– Шыны керек, қымбатшылық біздің де алқымымыздан алады. Өйткені, бізде көбіне теңгенің орнына рубль жүреді, сондықтан тауар құны шарықтап барады. Біз қызмет еткен жылдардың тәртібі қазір қалмады. Ол уақытта жұмыссыз қалу, ұрлық, тіпті, ұрыс-керіс деген болмайтын. Ауызбіршілікте болып, қызметте адалдықта жүрдік. Кеңестік дәуреннің дәуірі өтті, қазір де жаман емеспіз. Жастар білімді, оқығаны мен тоқығаны көп. Тек оларға дұрыс таңдау жасауға бағыттап, дұрыс жолды көрсете білсек болғаны, – деген қария негізгі мәселесіне ойысты.
– Менің негізгі айтпағым, оңалту орталығының бүгінгі тыныс-тіршілігі. 10 күн болды ем алып, серігіп қалдым. Бүгін Байқоңырға қайтатын күнім, осы мүмкіндікті пайдалана отырып қарияларға жасалған қамқорлық ту­ралы айтуды ағалық парыз көрдім. Кемшілік пен артықшылықтарды теріп, келешегіне сәл болса да септігіміз тиер деп пікір білдіруге тырыстық.
– Ендеше айтыңыз, біз тың­даймыз.
– Шыны керек, қазір осында ем алып жатқан қарттардың көбі 70 жастан асқан, алды 90-ға таяған аталарың. Біз жасарымызды жасап, асарымызды асаған адамдармыз. Бізге керегі ұр­пақтың келешегі, перзенттердің ер­теңі күнінің жарқын болуы. Ал, мына сауықтыру орталығының ерекшелігі өз алдына. Мұның неге айтып отырмын, кемпірім екеуміз елдің әр өңіріне саяхаттап, әсіресе шипажайларға кө­бірек бардық. Сондағы байқағаным, осы сауықтыру орталығының қызметі. Содан бастайын, бірінші, дәрігерлері білімді, адам жанын алдымен сөз емдейді, бізге керегі де сол жылы лебіз. Әйтпесе, оңтүстік аймақтың басқа да сауықтыру орталықтарын көрдік. Ішкі келбеті көз тартып, сән-салтанаты артық шығар. Ал мұнда қазақылықтың иісі артықтау. Қам көңілді қарттарға керегі үйдің, қолдың ас-ауқаты. Қолдан жасалған тоқаштар, бауырсақ, айта берсек көп.
Үшінші, дәрігерлердің қолы жеңіл екен. Мәселен, массаж жасайтын Рашид есімді жігіт, Ақылбек деген азамат, одан кейін Камшат қызымыздың ем-домы әсер етті. Бізге ешкім сұхбат беруге үгіттеген жоқ, тек Сыр өңірінің белсенді ардагерлері жиналып қалған соң, барды бағалай білейік деген ойда болдық.
– Жөн екен, артықшылығын айттыңыз, кемшін тұсы қайсы?
– Балам, өздерің білесіңдер, қазір барлық мәселе қаржыға келіп тіреледі. Менің түсінігімде бұл орталықтың жаңғыруы сол қаржыға байланысты секілді. Көркейіп, одан сайын гүлденсе нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, бұл мекен біз секілді егде тартқан қарияларға жайлы, он күн ем қабылдаса бір сергіп қаламыз. Бізге керегі осы.
Шипажайда ар жағы Аралдан бергісі өзіміздің ауданнан келген ақсақалдар күтіп отыр екен. Арқа-жарқа боп отыр­ған ата-апалардың көтеріңкі көңілдерін көріп қуанып қалады екенсің. Арасынан Сырдария ауданы, Қоғалы ауылынан келген Исламбек Аширов есімді қария сөз алып:

– Мен жалпы Жаңақорғанға жыл сайын келемін. Көбіне осы шипажайға келіп, ем алып қайтуды жөн көремін. Одан соң, тарихы тереңнен тартқан ауданның киелі жерлерін аралап қайтуға тырысамын. Жолдамамен биыл да жолым осында түсті. Барлық қызметкерлерге ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Бұйырса, келер жылы тағы келуге тырысамын. Ең бастысы, ем қонымды болса болғаны. Ал, оған осы орталықтың әлеуеті жетеді, – деді Қоғалы ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Байқоңырдан келген Табынбай ар­дагердің жары Алтынкүл апамыз да жылы лебізін білдірді. Қожакент ауы­лының имамы Өтеген қария мен қала мен Қазалыдан келген қариялар да көңілдерін жеткізді. Міне, біздің Шал­қия шипажайына Байқоңырдан келген ардагерлер төрағасының айтпағы осы. Тек қариялар ғана емес, жалпы аудан орталығы мен көрші өлкелерден келген науқастар мен ем қабылдаушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысқан орталықтың жұмысына өзге өңірден келген үлкендер осылай батасын беріп, ризашылығын жеткізді.
Қазір шипажайда білікті кадрлар жұмыс жасайды, олардың өзіндік міндеті, жүктелген жауапкершілігі бар. Орта­лық директоры Ерғабит Орманұлымен көтерілген мәселелер бойынша талқы­лайтын боламыз. Бәрінен бұрын, сырттан келген қонақтың алғысын айтып, дертіне шипа тауып кетуі үлкен мәртебе, еңбектің ақталғаны.

Әли ТЕМІРБЕК
15 наурыз 2022 ж. 295 0