№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК РУХЫ

ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК РУХЫ


Жыл санап қан майданда неміс басқыншыларымен шайқасқан ардагерлер саны азайып барады. Расында, Жаңақорғаннан екінші дүние жүзілік майданға бес мыңға жуық сарбаз аттанып, оның екі мыңдайы елге оралған-тұғын. Сол соғыс жылында от кешкен сарбаздардың үшеуі ғана қалды. Елдік пен ерліктің рухын асқақтатқан қарт майдангерлерді ұлықтау үлкен міндет. Осыны ескерген аудан әкімі Ғалым Әміреев қарбаласқан жұмысынан уақыт тауып, майдангерлерге сәлем бере барды.


Алдымен неміс фашистері мен жапон милитаристерімен болған соғысқа қатысқан Шаймерден Сүйін­діковтің шаңырағына соқты.
– Ассалаумағалейкум ақсақал! Амансыз ба?
– Шүкір! Ұлы жеңістің 74 көктемін қарсы алуды жазыпты.
– Жеңіс күні құтты болсын!
– Рахмет балам, келіңдер отырың­дар. Сендердің келетіндерінді естіп көңілім марқайып қалды, – деп қуанышын білдірді қария.
Келген меймандарын көңілді қар­сы алған майдангер, соғыс тақы­рыбындағы әндерден шырқап, ескір­мейтін естеліктерінен сыр шертті. Ал, аудан басшысы бүгінгі бейбіт өмірде салтанат құруымыз қарт майдангерлердің үлесі екенін айтты.
Әңгіме үстінде Ғалым Махмұт­байұлы ардагерге ақшалай сый-сияпат пен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың «Құттықтау хатын» табыстады. Ал, «Қызылқұм» ЖШС қыз­меткерлері де майдангерге алғы­сын сыйлықпен үлестірді. Қонақтар кеткеннен кейін ардагер бір сәт көз алдынан ұрыс алаңындағы ауыр кезеңдер келгендей үнсіз тынып отырды. Бір қуанып, бір мұңайып естігенде жеңістің жарқын бейнесін сезінген батыр ұлдың көзінен бір тамшы жас үзіліп түсті. Бұл қуаныштың жасы еді.
Одан кейін Ақүйік пен Бесарық ауылдық округін бағытқа алдық. Бір­ліктік Найманбай Құрбановтың шаңырағына еніп, аман-есендік сұрас­ты. Ардагер өткеннен өшпестей жара салған соғыс жылдарына әңгімемен сапарлап қайтты.
– Елде әрқашан бірлік, татулық болсын, ынтымақты елден ауызбіршілік кетпесін. Менің бар тілегім осы қарағым. Қазақ елінің келешегі кемел, болашағы баянды болсын. Ең бастысы, ұрпақ біз көрген соғысты енді қайта көрмесін, – деді Найманбай қария.
Бесарық ауылдық округінде тұратын Нұрман Асанов 95 жасқа келсе де майдан даласындағы ауыр күндерді есіне жиі алып отырады. Арнайылап келген аудан әкіміне ақ батасын беріп, ыстық ықыласын білдірді.
«Бітер істің басында жақсы жүрер қасында» демекші, ұрпағы үшін ұрыс майданында қан кешкен батырлар ерлігіне бас иіп, құттықтау жыл да жалғасып келеді. Өйткені, ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. «Біз көрген соғысты ұрпақ көрмесін» деген жауынгерлердің ақ батасы әрдайым ауыздарынан түспек емес. «Ер жігіт ел үшін туады» деген нақылды осыдан-ақ байқауға болады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
09 мамыр 2019 ж. 1 033 0