Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сүйіспеншілік – әрбір жүректе

Сүйіспеншілік – әрбір жүректе


Еліміздің тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты зерек болуы – заман талабы. Бұл орайда оқушылардың шығармашылықпен айналысуына апталық пәндік сайыстар өткізудің септігі мол. Б.Аралбаев атындағы №52 орта мектебінде Өзін-өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік өтті.


Апталыққа мектеп оқушылары барынша атсалысты. Бес құндылықты негізге ала отырып, «Ақиқат», «Ішкі тыныштық», «Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Қиянат жасамау» сынды қасиеттерге қанықты. Ол үрдісті бала бойына қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған апталығымызға 6 ә сынып оқушысы Дидар Қойшыбай белсене атсалысып, қабырға газетін шығарды. Оның ішіне «тосын сый жасырып, 6 а сыныпта үйде оқитын оқушы Гүлжайна Қасымбекті жасалған тосын сыймен қуанта білді. Бұдан балалардың бойындағы бір-біріне деген мейірімге толы жүректі, ерекше адамгершілікті байқауға болады.

Салтанат Әбдіқадырова,
Б.Аралбаев атындағы №52 орта мектебінің педагог-психологы
23 ақпан 2022 ж. 555 0