Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 56

АДАСПАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

15 қыркүйек 2026 ж. 55

Қош-қош айтып, құстарға...

15 қыркүйек 2026 ж. 55

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ізгі шараның берері мол

Ізгі шараның берері мол

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінң 16.01.2020 жылғы №01-15-5-12/258-И санды хатына сәйкес, 2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында өткізілген дәстүрлі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясында 7-9 сынып оқушыларына арналған «Ізгілік-өмір нәрі» тақырыбында фестиваль болып өтті.
Шараның басты мақсаты жастар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін дамыту, оқушылардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың өзіндік әлеуметтік бағытталған іс-әрекетінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Фестивальге барлық аудан, қала мектептерінен, облыстық білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты. Оқушылардың жұмысын бағалауға Облыстық білім басқармасының «Тәрбие және өзін-өзі тану» бөлімінің маманы А.Жаңабергенова, «Өрлеу» АҚ педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға тренері Ж.Ахметова, облыстық оқу орталығының әдіскері Ж.Сыздықова қатысты.
Кеш қорытындысы бойынша І орынды Қазалы ауданының №104, №216 орта мектеп оқушылары, ІІ орынды Арал ауданы №220 орта мектеп пен Қармақшы ауданы №26 орта мектеп, ІІІ орынды Қызылорда қаласы №1,№140 мектеп пен ІІІ орынды Жалағаш ауданы №188 орта мектеп оқушылары бөлісті. Қатысушыларға оқу орталығының сертификаттары табысталды.
07 ақпан 2020 ж. 887 0