Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Бәріміз бір аспанның астындамыз»

«Бәріміз бір аспанның астындамыз»


“Zangar” интеллектуалды мектебі жаңа оқу жылында есігін бүлдіршіндерге айқара ашып, озық білім мен заманауи құндылықтарға тәрбиелеу бағытында нақты бағдар түзіп, жан-жақты жұмыс жүргізуге талаптануда.


Жақында оқу орталығында 1-4 сынып аралығындағы талапкерлерді қатыстыра отырып ұйымдастырылған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты өнер сайысы осы жұмыстардың бір көрінісі. Ақынның өлеңдерін жаттап, оны нәшіне келтіре мәнерлеп оқудан сынға түскен жас өрендер бірінен бірі қалыспауға тырысты.

Өнер жарыстырған өрендер арасында қара сөзден жорға жарыстырған шабысынан бөлек, мектеп ішілік ән-күй үйірмесінде бой тіктеп келе жатқан талантты шәкірттердің де бар екенін білдік. Мәселен, «Аққу» биін билеген балғындар нәзік те, әсем қимылдарымен көз сүйсіндірсе, вокалды орындауда дара танылған әнші балапандарға көрермен разылықпен қол соқты.

Шарада алғы сөз алған мектеп директоры Гүлбақыт Сайлаухан «Бүгін қазақ елі тойлап жатқан арқалы ақын , поэзия әлемінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп жатқан байқауға қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілеймін, деп жылы лебізін арнады.
Бұдан әрі көрермен Мұқағалидың балалық шағы, ақын болып қалыптасу кезеңдері, жарық көрген кітаптары жөнінде бейнефильмді тамашалады.
Байқауға ақын Сайлаухан Жартыбаев, аудандық кітапхананың балалар бөлімі меңгерушісі Мира Жиенбаева және осы жолдардың авторының қазылық етуімен өнерпаздар сарапталып, жүлделі орындар белгіленді. Сонымен, 1 орынды Мінуар Нұрмағамбет, Жарқын Раяна, 2 орынды Орынбек Жансерік, Ұлжалғас Сейілбекқызы, 3 орынды Әбдрахман Інжу және Камила Бейбітшілік иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом, сый-сияпат табыс етілді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
16 ақпан 2022 ж. 341 0