№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жырлайды жүрек


Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның өмірі мен шығармашылығын, поэзия әлемін оқушыларға ұлықтау мақсатында білім ордаларында іс-шаралар өткізілуде. Сондай шара, яғни апталық №56 орта мектепте басталды. Ақын өлеңінің құдіретін таныту, дәріптеуді мақсат еткен сыныптар арасындағы мерекелік шаралар бастауыш бірлестігінің жетекшісі Тасжанова Назираның ұйымдастыруымен бастау алды.


«Жырлайды жүрек» тақырыбында апталық шараның шымылдығы ақи­ық ақынның өткен өмір жолы, шығармашылығы, жалпы қазақ әде­биетіндегі тарихы туралы толық мағұлмат берілумен басталды. Мақа­таев жайлы деректі фильм көрсетілді. Ән шашу кешінде ақынның «Есіңе мені алғайсың» әні орындалды. Сондай-ақ, «Саржайлау» әуезді сазы да шырқалды. Бұл өлеңдерді шәкірттер шабыттана шырқады. Ал­дағы уақытта мектепішілік сайыстар, ақын туралы тағылымды кештер мен мерекелік шаралар өткізіледі. Бұл ашылу сал­танаты десек, оқушылар аудан, облыстық байқауларда бақ сынауға тырысады.
Кеш соңында бірлестік жекешісі Мұқағалидың «Шеше» өлеңін орын­дап, бастауыш сынып оқушыларына және қазақ тілі пән бірлестігіне ұсынды. Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Көркем сөз» оқу сайысында бастауыш сынып оқушылары ерекше дайындықпен келгені көрінді. Келесі кезекте «Тапқырлық танытамыз» айдары ақынның жазған өлеңдеріндегі жазылмай кеткен сөздерді тауып толықтырудан 2-4 сынып оқушылары арасында сайыс жалғасын тапты.
Одан әрі, «Мұқағали – поэзия патшасы» тақырыбында өз өйынан эссе немесе өлең жазу бойынша 2-4 сынып оқушылары арасында кішігірім байқау ұйымдастырылды. Барлық іс-шараны қорытқан мектеп директоры Мұхтар Әбутәліп қатысқан және жеңімпаздарға алғыс білдіріп, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі. Апталық өз дәрежесінде өткендігіне тоқтала келе, ерекше көзге түскен оқушыларды марапаттады.
Мәнерлеп оқу сайысында 2-сы­нып оқушысы Гүл­наз Жармағанбет, Сымбат Сұлтанбек, Мадина Бекен, Аружан Абжалқызы, Сүндет Мәдіхан, Нұржалғас Әбілпатта марапат биі­гінен көрінді. 3-сынып оқушылары арасында Аяна Раматулла, Мақсұт Нұрдәулет, Нұрдәулет Шаншарханұлы, Әмина Төлеу, Айшабибі Тұрсынбай, Нұрасыл Жаманқұлов та мінберге көтерілді. 4-сыныптан Нұрлыхан Жұмаділләұлы, Аяжан Сапарбек, Інжу Оразбек, Қарақат Зұлхарнай, Гүлзат Әшірбай, Сағыныш Әмірбек, Айару Әшірбай, Қазына Жұмабек, Мерей Ержанұлы, Дидар Файзулла, Айгерім Абжалқызы де алғыс алды.
«Мұқағали-поэзия патшасы» тақы­рыбында эссе немесе өлең жазу сайысында ерекше көзге түскен оқушылар арасында Гүлім­жан Хамидолла, Нұрислам Бекенов, Қайсар Дүйсенбек, Райымбек Жансерік, Зарина Бекенова, Айбике Самидин, Өмірбек Диас, Қарақат Нұрбақыт, Мейіржан Ыбрай, Диас Скендір, Айдана Өтепберген, Жұлдызай Бегалы, Нұрберген Абибулла, Шакира Әбламит, Қайсар Сәбит­ұлы осы оқушылар ерек­ше көзге түсіп «Алғыс хатпен» марапатталды .
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртың елеңдестің .
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре аламас, алайда өлеңді ешкім, – деп ақын айтқандай, оның өзі өмірден өтсе де, өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

Роза НИЗАНБАЕВА,
№56 мектептің бастауыш сынып мұғалімі

10 қараша 2021 ж. 756 0