№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сабақтастық жоқ жерде сапа болмайды

Сабақтастық жоқ жерде сапа болмайды


Жұма күні аудан әкімінің мәжіліс залында әкімдік мүшелері және аудан активінің қатысуымен өткен жиында негізгі екі мәселе және қаңтар айындағы Президент тапсырмаларына сәйкес ауыл әкімдері, ауылдағы қоғамдық қауымдастық төрағаларымен онлайн форматта өткен жиында сараланған жобалардан туындайтын іс-қимылдар талқыға салынды. Жиынды ашқан аудан әкімі Руслан Рүстемов алдымен жуырда аудандық ішкі саясат бөлімі басшылығына тағайындалған белгілі ақын Әбілқайыр Әбілпаттаұлы мен аудандық денсаулық сақтау саласы бас дәрігері Сәкен Әлеудинұлын таныстырып, өмір жолына қысқаша тоқталып, келешек жұмыстарына табыс тіледі.


Күн тәртібінде бірінші мәселе «Ауданның 2021 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен 2022 жылғы міндеттері туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Семсер Әсенов хабарлама жасады.
Ол ауданда 2021 жылдың 12 айында жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда тұрақты жағдай қалыптасып, барлық көрсеткіштер бойынша өсу қарқыны бар екенін жеткізді. Мәселен, аудан халқының саны бір жылда 84,4 тен 86,1-ге, яғни 1300 адамға өскенін айтты.
– 2021 жылдың қорытындысымен жергілікті бюджет кірістері (шоғыр­ландырылған бюджет) 106,8 пайызға орындалды (болжам 2 688 651,2 мың теңге, орындалғаны 2 870 432,8 мың теңге), оның ішінде салықтық түсімдер 105,4 пайыз (болжам 2 600 975,1 мың теңге, түсім 2 74 327,4 мың теңге) яғни 140 352,3 мың теңгеге артық; салықтық емес түсімдер 183,8 пайыз (болжам 15 617,9 мың теңге, түсім 28 703,7 мың теңге,) яғни 13 085,8 мың теңгеге артық; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 139,3 пайыз (болжам 72 058,2 мың теңге, түсім 100 401,6 мың теңге) яғни 28 343,4 мың теңгеге артық орындалды.
2021 жылдың қорытындысымен жер­гілікті бюджет кірістері (аудандық бюджет) 106,3 пайызға орындалды (болжам 2 517 195,9 мың теңге, орындалғаны 2 676 615,6 мың теңге). Оның ішінде салықтық түсімдер 105,0 пайыз (болжам 2 437 901,5 мың теңге, түсім 2 560 366,1 мың теңге), яғни 122 464,6 мың теңгеге артық, салықтық емес түсімдер 188,3 пайыз (болжам 10 939,4мың теңге, түсім 20 602,8 мың теңге) яғни 9 663,5 мың теңгеге артық, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 139,9 пайыз (болжам 68 355,0 мың теңге, түсім 95 646,7 мың теңге) яғни 27 291,7 мың теңгеге артық орындалды.
2021 жылдың қорытындысымен бюд­жеттің шығындары 98,2 пайызға иге­рілді. Кент және ауылдық округ бюджеттері бойынша жылдық жоспар 171 451,3 мың теңгеге жоспарланса, 2021 жылдың қорытындысымен жоспар 193 817,0 мың теңгеге немесе 113,0 пайызға орындалып отыр, – деді хабарламашы.
Одан әрі Жаңақорған ауданы бой­ынша негізгі макроэкономикалық көр­сет­кіштерге тоқталды. Өнеркәсіп өні­мінің көлемі жөнінен өткен жылмен салыстырғанда 104,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі көлеиі жөнінен 105, 0 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі бойынша 100,3 пайызға, негізгі қорға салынған инвестиция бойынша 118,7 пайызға, құрылыс жұмыстары 114,3, тұрғын үйді пайдалануға беру 108 пайызға орындалғанын жеткізді. Осы аталған көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсеткен өңірдегі бірден-бір аудан екенімізді айтып өтті.
Баяндамашы бұдан әрі тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімдерінің нақты көлемі жөнінде хабардар етті.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 23986,9 млн. теңгені (100,3%) құрап, оның ішінде егін шаруашылығы 12 430,4 млн. теңге (98,1%), мал шаруашылығы 11 395,0 млн.теңгені (102,7%) құрағанын айтты.
Әртараптандыру жұмыстары бой­ынша, Жаманбай батыр ауылдық округінде Қаратау бөктерінде бос жатқан жерлерді игеру мақсатында «Пазылбек Қажы» шаруа қожалығында ылғал сақтағыш технологияны пайда­лана отырып 600 гектарға мақсары дақылдары орналастырылған.
2022 жылдың 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 67 553 мүйізді ірі қара, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,5 пайызды құрап отыр, 257 293 бас қой, (98,5 пайыз), 12 507 бас ешкі (87,4 пайыз), 22 734 бас жылқы
(111,9 пайыз), 1886 бас түйе (108,7 пайызға өскен), 21 601 бас құс өсіріліп, 98,5 пайызды құрап отыр.
Хабарламашы егін және мал шаруа­шылығы бойынша шаруа қожалықтары көрсеткішіне жеке-жеке тоқталды. Одан әрі 2021 жылы атқарылған инвестицилық жұмыстар баяндалды.
– Аққорған ауылдық округінен «Заман ата» репродукторлы шаруа қожалығын құрып, қазіргі уақытта 99 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алынған. Жоба құны 62 млн теңге .
Екпінді ауылдық оаругіндегі «Айбын» шаруа қожалығының төрағасы Кенжеев Батыр өз қаражаты есебінен 200 бастық мүйізді ірі қара бордақылау алаңын іске қосып отыр.
Қыркеңсе ауылдық округінен «Бека­рыс Агрофуд» ЖШС 5000 бас асыл тұқымды репрудукторлы қой шаруа­шылығын құру жобасымен айналысуда. Жоба құны 250 млн тенге. Қазіргі уақытта құрысыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы іске қосу жоспарлануда.
Биылғы жылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша мемлекет тарапынан 2 129,5 млн теңге жеңілдік­тер (субсидия) берілді.
Оның ішінде: егін шаруашылығы саласында 255,6 млн теңге және мал шаруашылығы саласы бойынша 1 873,9 млн теңге жеңілдіктер (субсидия) берілген.
2021 жылы Жаңақорған ауданындағы су нысандарын тазалауға барлығы 343 млн. теңге бөлінді, – деді ол.
Облыстық бюджеттен 3 каналға тазалау жұмыстарын жүргізуге 172 млн 100 мың теңге, 8 дана насос қондырғыларын орнатуға 76 млн 800 мың теңге, барлығы 248 млн 900 мың теңге бөлінген. Осы қаржының ауылдық округтер бойынша бөлінісі туралы баян етті.
Сонымен қатар, биылғы жылы су тапшылығы орын алуына байланысты тау беткейдегі Жайылма, Ақүйік ауылдық округтерінде жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында «Керіз» жобасы қолға алынып, нәтижесінде Жайылма ауылдық округінде 4 жоба іске асып, 200 гектар егістік суландырылса, Ақүйік ауылдық округінде 3 жоба іске асып, 50 гектар егістік суландырылды.Алдағы уақытта осы жобаларға су үнемдеу технологияларын орналастыру жұмыстары жоспарлануда екен.
Бөлшек сауда көлемі 6094,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайызды құраған.
Оның ішінде бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарлар 14,5 пайыз, азық-түлік емес тауарлар 85,5 пайыз үлес салмағын құрайды.
Көтерме сауда көлемі 897,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 есе артқан.
Оның ішінде көтерме сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік емес тауарлар 100 пайыз үлес салмағын құрайды.
Оның қарқынды өсуінің негізі ағымдағы жылы «Премиум класс- Строй» ЖШС, «ОСТ» ЖШС, «Қуат Әк» ЖШС өндіріп, көтерме бағада сатқан өнім көлемін статистикалық есепке енгізуіне байланысты артып отыр екен.
Бөлім басшысы мұнан соң аудан­дағы шағын және орта кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстарды баян етті.
2022 жылдың 1 қаңтарына тіркел­ген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 5576, оның ішінде 300 заңды тұлғалар, 2650 шаруа қожалықтары, 2626 жеке кәсіпкерлер. Ондағы белсенді субъектілер саны 5260 бірлікті құрады. 2022 жылдың 1 қаңтарына өңірде 586 сауда мен қызмет обьектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 4 сауда үйлері, 379 азық-түлік және азық-түлік емес сауда дүкендері, 146 тұрмыстық қызмет көрсету және 57 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейтінін айтты.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 94,3 пайыз.болып отыр. Жұмыспен қамтылған адамдар саны 01.10.2021 жылы 8344 адамға жетіп, 26621 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсеткен.
Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі: туралы тоқталған ол жоспардың 91,4 пайызға орындалып отырғанын айтты.
«Ақбұлақ» бағдарламасымен бастау алып «Нұрлы жол» бағдарламасымен жалғасын тауып, құрылысы жүргізіліп жатқан «Сырдария» топтық су құбыры мен «Талап» топтық су құбырының құрылысы жобасында Сырдария өзенінің шығыс беткейіндегі 12 елді мекенінің 19381 халқын және Сырдария өзенінің батыс беткейіндегі 15 елді мекеннің 23564 халқын таза ауыз сумен қамту қарастырылған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2021 жылы аяқтау жоспарланған болатын. Дегенмен құрылыс жұмыстарының толық орын­далмауына байланысты, 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нысан құрылыс жұмыстары аяқталса, орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне кент, ауылдық елді мекендер бойынша 100% қол жеткізіледі.
Жаңақорған ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Жаңа­қорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу» құрылысы жобасына жалпы сомасы 464 037,0 мың теңге бөлінген. 2020 жылы игерілген қаржы көлемі - 148 711,3 мың теңге, 2021 жылы жергілікті бюджеттен 80604,5 мың теңге, ұлттық қордан 214885,0 мың теңге қаржы, барлығы 295 489,5 мың теңге қаржы бөлінген.
Дегенмен бөлінген қаржыдан 31 желтоқсан 2021 жылға игерілген қаржы – 159 876,6 мың теңге болса, ал 135 501,8 мың теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 103 325,9 мың теңге жергілікті бюджеттен 32 175,9 мың теңге қаржы игерілмей қалды.
Ауданның қазіргі таңда газдандыру үлесі халық санына шаққанда 38,8 % құрайды. 2021 жылы аудандағы 6 елді мекенді (Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден, Төменарық, Жаңақорған кенті,) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық және аудандық бюджеттен 101 248,5 мың теңге бөлінді.
Бүгінде, Жайылма, Шалқия, Құт­тықожа, Кейден және Төменарық елді мекендерінің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Жаңақорған ауданы бойынша ау­дандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағат­танарлық жағдайдағы үлесі 95,3%-ға жоспарланған. Жоспар бойынша 2021 жылы "Самара-Шымкент-Аққұм" автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілуге тиісті болатын. Дегенмен, жобаны іске асыруға қаржы қаралмаған. Сондықтан қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі – 85,9% құрайды. 2022 жылы аталған жобаға қаржы қаралды.Индикаторлық көрсеткіш 100%-ға жеткізілетін болады, – деді.
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша елді мекендердегі көшелерді орташа жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы және оның игерілуі жөнінде жеке-жеке тоқталды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда өлім-жітім 1000 адамға шаққанда қаңтар-желтоқсан айларына 5,97 болып, 0,83 пайызға төмендеген.
Халықтың (1000 адамға шаққандағы) спорттық инфрақұрылымымен қамта­масыз етілу деңгейі 2021 жылы 67,50% болып жоспарланса, қаңтар-желтоқсан айында 100%-ға орындалып отыр. Қазіргі таңда ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 385 спорттық нысан қызмет көрсетуде.
2021 жылғы жоспар бойынша аудан тұрғындарының 31 пайызын дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылдандыру қажет болса, аудан тұрғындарының 29 644-і тұрақты түрде шұғылдануда. Бұл өз кезегінде 34 пайыздық көрсеткішті құрайды.
Спорт клуб және спорт мектептерін­де 3 759 оқушы 31 спорт түрімен шұғылдануда.
Халықты дене шынықтырумен ай­налысуға тарту мақсатында ауда­нымызда мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік негізінде 2021 жылдың тамыз айында Ақүйік, Жаңарық, Қыркеңсе, Қандөз, Төменарық ауылдарынан спорт кешені пайдалануға берілді. Спорттық ғимараттардың барлығы қолжетімді және ақысыз түрде қызмет көрсетеді.
Осы жылы Келінтөбе және М.Нәлібаев ауылдарына облыстық бюджет есебінен 2 дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттарына 24 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен биылғы жылы 14 елді мекен тренажерлық құрылғымен қамтамасыз етілгенін айтты.
Баяндамашы одан әрі 2022 жылға жоспарланған нысандар қатарында әлеуметтік нысандар мен ауыз су, аяқ су, аудандық маңыздағы жолдарды орташа жөндеу, көпірлерді жөндеу және электр желілерін жаңғырту, бойынша бөлінген қаржы көлемімен таныстырып өтті.
– Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту жобасына 898 787,0 мың теңге. Жаңақорған ауданы Байкенже ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы" жобасының ЖСҚ-сын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 6 043,6 мың теңге;
– Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы" жобасының ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізуге 847,3 мың теңге;
– "Жаңақорған ауданы Қашқанкөл елді мекенінде медициналық бекет құрылысы" жобасының ЖСҚ-н мемлекеттік сараптамадан өткізуге 731,6 мың теңге;
– "Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясы­мен қоса, 15 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысы" жобасының ЖСҚ-н мемлекеттік сараптамадан өткізуге 1 221,4 мың теңге;
– Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде тарихи-өткетану музейінің құрылысы" жобасына ЖСҚ әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 8279,8 мың теңге;
– "Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылынан салынатын спорт кешені құрылысы" жобасына ЖСҚ әзірлеп (Байланыстыру), мемлекеттік сарапта­мадан өткізуге 1 675,6 мың теңге;
– "Жаңақорған ауданы Машбек Нәлібаев ауылдық округі Ақжол ауылынан салынатын спорт кешені құрылысы" жобасына ЖСҚ әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 1 674,7 мың теңге;
– Жаңақорған ауданы Қыркеңсе а/о, Әбдіғаппар ауылындағы №213 орта мектептің қазандық ғимаратының құрылысы" ЖСҚ әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3 421,0 мың теңге
Газдандыру бойынша – Жаңақорған-АГТС-тен Шалхия кенті мен Құттықожа елді мекеніне дейін жоғары қысымды жеткізуші газ құбырларын салу және ауылішілік газ тарату құбырларын салу» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге –1 648,0 мың теңге қаралған.
Одан әрі жыл соңына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасын сақтау, жылдық жоспарды орындау мақсатында белгіленген міндеттер көп назарына ұсынылды.
Мемлекет Басшысының Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындау бойынша тиісті шараларды жүзеге асыру, атап айтқанда, экономика бағытында өңір экономикасын әртараптандыру аясында өнеркәсіптің шикізаттық емес бағытын дамыту, жұмыстары жалғасатын болады.
Хабарламадан соң аудан әкімі Руслан Рүстемов баяндамадағы цифрлардан туындайтын сауалдарын қойды. Ауда­нымыздың макроэкономикалық әлеуеті жоғары көрсеткішпен қорытындыланды дегенімізбен өнеркәсіп өнімін өңдеудің нақты көлемі жөнінен көршілес ауданнан неге кейін тұрмыз деген сұрақ мазалайты­нын жасырмады. Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 24,0 млрд теңгеге, яғни 100, 3 пайызға орындадық, бірақ Шиелі ауданынан 10,4 млрд теңге айырма болуына не себеп? Аудан әкімі осыны зерттеп талдау жасау жөнінде жауапты тарапқа тапсырма берді. Сол сияқты аудандық стат мекемесінің міндеті статистикалық цифрларды тіркеп отыру ғана емес, талдау жасап отырудың маңызын ескертті.
Мұнан кейін аудан басшысы өткен жылы болжамданған су тапшылығы қаупіне қарсы әрекет етуге талпынбаған сала мамандарын сынға алды. Суды аз қажет ететін, өзіндік құны жоғары дақылдарды өсіруге бастамашылдық жасауға тиіс құзырлы сала өкілдерінің жайбарақаттығынан сан ұрып қалған жағдайымызға кінәлі тұлғалардан жауапкершілікті талап етті.
Аудан әкімінің одан әрі ауданда инвестицмялық жобаға ендіріліп, 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған, бірақ әлі іске қосылмаған «Абдулла» шаруа қожалығы құс фабрикасы, керамзит зауыты жөнінде елге берген уәденің желге ұшқаны, іске қосыла қалған жағдайда инфрақұрылымдық кедергілер болмай ма деген сауалына аудан әкімі орынбасары Оңал Жанатұлы жауап беріп, облыста құжат сараптама­сы мақұлданған бойда газ, су, жарық мәселесі щешімін табатынына сендірді. Басшы осы орайда 2014 жылдан бері жұмысы басталады деген құрғақ уәдемен келе жатқан томат пастасы зауыты жұмысы бұлай сиырқұйымшақтана берсе инвестициялық жоба есебінен сызып тастауға тура келетінін ескертті.
Келесі кезекте ауданда қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында қанша кәсіпкердің қанша көлемде несие алғаны жөнінде деректерді сараптаған өңір экономикасы бас менеджерінің қатал талабы бұл салада мемлекет қаржысы сұрауының салмағын терең сезіндірді. Әкімнің айтуынша, осы бағытта егін саласы бойынша 2021 жылы құны 65 млн теңгені құрайтын 3 жоба несие алыпты. Ал 2019 жылы құны 14,3 млн теңгені құрайтын екі жоба және 2020 жылы құны 279,1 млн теңгені құрайтын 16 жоба мал шаруашылығы саласы бойынша несие алған. Екі жылда 21жо­ба қаржыландырылған. Нәтиже қайда? Кәсіпті дамытуға құлқы жібермейтін, алған несиесіне айғақ етіп қолындағы малын көрсетіп көз алдайтындарға әр ауыл округі әкімдері неге мүмкіндік беріп отыр? Осы құйтырқылыққа жол берген комиссия құрамы жаңартылуы тиістігін ескертті. Биыл төрт айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 1 млн 225 мың теңгеге көбейген грантты алушылардың жалған көзбояушылыққа бармауы, яғни шағын цех ашып немесе егістік жер алып кәсібін жолға қоюға бағыттау талабы зерделеуші топ құрамының ел-жер тағдырына адал көзқарастағы тұлғалардан жасақталуына тікелей байланысты. Міне, осындай тегеу­рінділікпен ауданда жұмыссыздық мәселесін жолға қоюға болатынын жеткізді. Кәсіпкерлік бөліміне кент, ауылдық округ әкімдерімен, аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, осындай шағын жобаларды іріктеп, жүзеге асыруға ықпал етуді тапсырды.
Мұнан әрі ол ауданда іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар қатарында Жаңақорған кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу сервистік желісін жүргізу құрылысы жұмысының 80 пайызы ғана бітіп, ұлттық қордан бөлінген 103,3 млн, облыстық бюджеттен бөлінген 135,5 млн теңгенің игерілмей қалғанын айтты. «Мердігер мекемеге мәжбүрлеп орындату жөніндегі сот шешімінің нәтижесі бола ма, ары қарай қалай жұмыс жасаймыз, қаржысын қайта ала аламыз ба?» деген сауал бойынша орынбасары Ердулла Нұртазаевтың нақты айналысуын тапсырды.
Елмен түсіністікте жұмыс атқару, жалған есепке емес, шын мәнінде халықтың жағдайын оңалтуға бағытталатын жобаларды әзірлеуге сала басшыларының да, ауыл әкімдерінің де ықылассыздығы түйінді проблемаларды тудыратынына кешегі қаңтар оқиғасы дәлел болғанын айтқан ол ауданға басшы боп келген бір жарым жыл уақытта жаңадан он бір жобаны бастандырғанын, оның ішінде елді мекендерді газдандыру мәселесі де бар, осы жұмыстар төрт жыл бойы қозғалыссыз қалғанына тиісті тараптарды сынға алды. Өткен аптада он екі елді мекенді аралағанда тұрғындар тарапынан 65 ұсыныстың түскенін, түгел жазып алғанын айтты. Айтпақшы, жергілікті халықтың жанайқайы ауыл әкімдеріне қатысты емес тәрізді. Қолына қағаз алып, жұртшылықтың талабын түртіп отыруға ерінетін әкімдердің жауапкершілік мәселесінде де жылтыр сөзден арыға аспайтын немқұрайдылықтары жанға батады. Осы орайда жұмыс орнынан табылмайтын әкімдер жөнінде ауылдықтар арыз айтыпты. Солардың қатарында Қаратөбе ауылы әкіміне көп алдында қызаруға тура келді.
Келесі кезекте ауданда кәсіпкерліктің дамуына тоқталған Руслан Рүстемов шағын және орта кәсіпкерлік саны 1 қаңтарға 5576-ны құрап отырғанын айтты. 2021 жылдың 1 қаңтарында 5236 болған, яғни айырма 348-ге көп. Өткен жылы 869 жобаға 1,6 млрд теңге қаржы тартылған екен. Оның ішінде 196 жоба жеңілдетілген несиемен қамтылса, «Жаңа бизнес идеяларды» жүзеге асыру үшін мемлекеттік грантқа 392 млн теңге қаржы қаралып, 673 адамға грант берілгенін жеткізген ол тиісті тұлғаларға өзін мазалаған сауалды тастады:
– Грантты 673 адам алады, алайда кәсіпкерлер саны 348-ге ғана артып отыр. Мұнан бөлек жеңілдетілген несиемен қамтылған 196 кәсіпкерлік нысан қайда кетті? Осыны зерделеген адам бар ма?
2018 жылдан бері ауданда 2084 адам грант алса, қазіргі таңда 1428-і ғана жұмысын жалғастыруда. 656 азамат келісім шарт мерзімі бітті деп кәсіпкерлігін жауып тастаған. Мұны қадағалап, кәсіпкермен жұмыс жасап жатқан не кәсіпкерлік бөлімі, не жұмыспен қамту орталығы, не ауыл әкімі жоқ.Қаншама қаржы біржолғы көмек секілді желге ұшты. Жұмыспен қамтылған жұмыссыздар не болды? Гранттың қаржысын алып, жаратып болып, қайта жұмыссыз болып тіркелмесіне кім кепіл? Әр ауыл бойынша қанша кәсіпкер бар,нешеуі жаңадан тіркелді, нешеуі жұмысын тоқтатты, әкімдіктері экономика бөліміне ұсынып, оны бүгін баяндамада слайд арқылы жариялай алғанда нақтылық болар еді. Ондай жұмыс жоқ, бөлімдер ұсынған мәліметті тізбелеп қана шықтыңыз. Статистика мен салық органы берген мәліметті салыстырып, нақтылыққа жұимыс жасау керек» деді. Баяндамада жұмыспен қамту орталығы жұмысындағы кемшіліктер қаперге алынбады. Әкім бұл мәселеге де нақты тоқталды. Еңбек және әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі басшылары Аягөз Айдосова мен Жаңабек Тұрлыбековтен жұмыссыздық деңгейі жөнінде талдап, саралап, жағдайды орнықтыруға жұмыс жасаудың орнына базбір төлем орталығы іспетті құжатты қарап, қаржысын аударып отырумен қанағаттанатынын сын тезіне алды. Ойды онға, сананы саққа бөліп, қайран қалдыратын мәліметтерге келсек,жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 4670 адам хабарласып, соның 4630-ы, яғни 99 пайызы жұмыспен қамтылған. 2087 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 3083 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 147 пайызға орындалды. Ауданда жұмыссыздық деңгейі облыс­тың орта көрсеткішінен төмен.
Бұл көрсеткіш халықтың тұрмысынан неге көрінбейді? Осы орайда АӘК алатын отбасы мен адам саны бойынша елді мекендер жағдайын сараптай келе әкімдер жұмысына баға беруге болатынын да жеткізді. Мәселен, Төменарықта 16 отбасы АӘК алса, одан әлеуеті әлдеқайда жоғары Аққорған ауылында атаулы көмекке 81 отбасынан өтініштің түсіп, қанағаттандырылуы, яғни халық санының 10-16 пайызы кедейлік шегінен төмен есептелуі әкімдер жұмысынан да әжептеуір хабар беріп тұрғанын дәйектеген аудан басшысы аталмыш ауылда «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-нен жер үлесін алған 13 отбасының 83 адамына 6,3 млн теңге негізсіз төленгенін айтып, бұл заңсыздыққа ауыл әкімдерінің де салғырттығы себеп деді. Ауданда 85575-ке жуық халықтың 9,5 пайызы, яғни 7859 адам әлеуметтік көмекке зәру.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабарлама жасаған бөлім басшысы Семсер Әсеновке базалық интеграциялау жөніндегі тапсырманы 1 сәуірге дейін аяқтауды тапсырды. Сонда ғана нақтылы есептік ақпаратқа қол жеткізе аламыз.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша 2021 жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы туралы хабарлама жасау үшін сөз қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбековке берілді.
– 2021 жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің кірістері 100,8 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің өз кірістері 106,8 пайызға орындалып, 159 млн 419,7 мың теңге артық түсім болып, оның ішінде салықтық түсімдер 140 млн 352,3 мың теңгеге артық түсіммен, 105,4 пайызға орындалды, – деді ол.
Республикалық бюджеттен барлығы 338 млн 462,2 мың теңге бөлінсе, мемлекеттік сатып алудан үнем 103 млн 548,7 мың теңгені құраған.
Жыл қорытындысымен жергілікті өзін өзі басқару бюджеттерін қосқанда аудан бюджетінің бос қалдығы барлығы 626 млн 414,4 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде 560 млн 564,1 мың теңгесі жергілікті бюджеттен қалыптасса, оның ішінде (жоғарғы бюджетке қайтарылатыны 315 млн 307,8 мың теңге, қайта бағытталуға сұралатыны 245 млн 256,1 мың теңге), 65 млн 850,3 мың теңге жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінен қалыптасқанын айтты.
2021 жылы ауданның жергілікті атқарушы органының резервіне бар­лығы 48 млн 233,0 мың теңге бекітіліп, жыл ішінде 6 млн 183,0 мың теңге бағытталып, нақты шығындарға бай­ланысты 2 млн 574,4 мың теңгесі аудан әкімдігінің қаулысымен бюджетке кері қайтарылғанын хабардар етті.
Аудан әкімдігінің 24.05.2021 жылы №335 қаулысымен «COVID-19 коро­навирус індетінің қайта күшеюіне орай және Қызылорда облысының қызыл аймаққа енуіне байланысты аудан тұрғындарының әлеуметтік тұ­рақтылығын қамтамасыз ету мен олардың денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлардың алдын алу және шұғыл шығындарды өтеу мақсатында» 3 млн 695,0 мың теңге бағытталғанын айтты.
Аудан бюджетінің атқарылуына тал­дау жасауға тиіс бөлімнің негізгі миссия­сынан ақаулық жіберудің бір көрінісі ретінде әкім 4-деңгейлі бюджеттің артық орындалғаны, аудан бюджетіне олардан 25,0 млн теңге артық түсім бар екеніне тоқталып, аудандық салық органының аудандық қаржы бөлімімен бірлесіп жұмыс жасамайтынын сынға алды. «Кент, ауыл әкімдері проблемалық мәселелерін шешуге мүмкіндігіміз жоқ деп аудандық бюджеттен қаржы сұрап жүр. Ал өз қаражатын ауыстырып алуға жұмыс жасамайды» деді. Өткен жылғы 29 қазанда аудан әкімдігі мәжілісінде «Жыл қорытындысымен бюджет қаржысын игермеген және дебиторлық, кредиторлық қарыздарға жол берген бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізсін» деп тапсырма берілген болатын. Бірақ нәтижелі жұмыстың болмауынан биылға игерілмеген қаржы 398,9 млн-ды құрап отыр. Осыны қатаң сынға алған әкім 2022 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден келген тран­сферттерді уақтылы, сапалы игеру бағытында нақты тапсырмалар берді.
Келесі кезекте «Су тапшылығының алдын алуға байланысты егістіктерді әртараптандыру бағытында атқа­рылатын жұмыстар туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев хабарлама жасады.
– Өздеріңізге белгілі жылдан жылға өңірімізде су тапшылығы дендеп, Сырдария өзенінің төменгі ағысына түсетін су мөлшері азаюда. Сондықтан да биылғы жылы суды көп қажет ететін дақылдардың орнына суды аз қажет ететін дақылдар егуді және су үнемдегіш технологияларды орналастыру міндеті тұр.
Егістікті әртараптандыруға қо­лай­лы жағдайлар бола тұра өзімізде өсірі­летін картоп, сәбіз, пияз, қызанақ, қияр, асқабақ секілді дақылдарды кем орналастырып, нарықта азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мен бағаны тұрақтандыруда әлсіздік таныттық. Керісінше былтырғы жылы Ордакент өңірінде жеке шаруашылықтар картоптан мол өнім алса, Өзгент, Мәшбек Нәлібаев ауылдық округтерінде аулалық қызанақ пен қияр өндіру жолға қойылып, сапалы өнім болғанымен жалпы көлемі аз болып, нарық бәсекелестігін толық қамти алмадық. Мінеки, осы іс жүзінде байқалған тәжірибелерді биылғы жылы кеңейтіп әртараптандыру егістік көлемдерін ұлғайтып, өнім сапасын арттырсақ деген жоспарымыз бар, – деді ол.
Одан әрі бөлім басшысы кент, ауылдық округ әкімдері суы мен жерін айқындай отырып, мемлекет тарапынан берілетін грант қаржыларын аудан әкімінің қолдауымен нақты нәтижелі де сапалы өнім беретін кәсіпкер диқандарға бағыттауда жанашыр көзқараста болу, суы мен жері ыңғайы келмеген ауылдық округтер агроаймағы бар ауылдық округтермен келісу арқылы жерлерін нақтылап, егін егуге ниет білдіруші тәжірибелі диқандарды ұйымдастыру керек деген талабын қойды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» бағдарламасы аясында берілетін мемлекеттік грант қолдауларын егінжайларды орналастыру бағытына бұруға басымдық таныту қажет. Кент, ауыл әкімдері 2022 жылдың наурыз айынан бастап Атамекен палатасы арқылы ұйымдастырылатын қысқа мерзімді «Бизнес-бастау» кәсіптік оқыту курстарына егінжайға бейінді 2 азаматтан кем емес жұмыссыздарды ұсынуды міндетіне алуы тиістігі ескертілді.
Одан әрі ауылдардағы агроаймақ­тардың жұмысын жандандыру керектігіне тоқталған аудан әкімі егінжайда еңбек етуге ниеттілер болса қаржысын шешіп беруге жұмыс жасалатынын айтты. «Жаманбай батыр» ауылдық округіндегі «Пазылбек қажы» шаруа қожалығы гидрогелді пайдаланып,өткен жылы 500 гектар жерге мақсары егіп еді, биыл неге 80 гектарға азайып кеткен? Егіс көлемін ұлғайтуға сұраған жерлерін алып жатыр, сөйте тұра шаруалардың кешегі межесінен кері кетуінің салдарын зерттеңіз» деген тапсырма берді бөлім басшысына.
– Егін егетін адамдарға бөлінетін грант санын арттыру керек. Егін егуге ниетті, қаржысы жоқ ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарды осы бағдарламаға тартыңыздар, – деп ауыл әкімдеріне агроаймақтардың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Тапсырмалардың толық орындалуын бақылауды аудан әкімінің сала орынбасарларына жүктеді.
Сонымен қатар ауданда және ауыл­да атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты ақпараттандыру жұмыс­тары жүргізілмеген. Ауыл тұрғын­дарының билікке деген сенімін арттыру, ауылдағы саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында проб­ле­малық мәселелердің шешілуі бойын­ша ауыл әкімдері қоғамдастық мүшелерін қатыстыра отырып, тұр­ғындармен тұрақты кездесулерді ұйымдастырып, түсіндірме жұмвстарын жүргізіп, кері байланыс орнатулары қажет деп санаймын, – деп жиынды қорытындылады.

Баян ҮСЕЙІНОВА
08 ақпан 2022 ж. 212 0