№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ



2022 жылдың 1 ақпанында Жаңақорған ауданаралық аурухананың мәжіліс залында Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Сабит Бексеитұлы Пазыловтың төрағалығымен 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылға жоспарланған міндеттер жайында медициналық кеңес өткізілді.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Сабит Бексеитұлы Жаңақорған ауданаралық аурухана бас дәрігері қызметін осы кезеңге дейін атқарып, зейнет жасына абыроймен шыққан Яхия Қадірбекұлы Шорабаевты жеткен жетістігімен және нәтижелі жұмыстарына алғыс білдіріп, үлкен қошеметпен шығарып салды. Есептік қорытынды жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы Тұрсынбаев қатысып, аудан халқы атынан алғысын жеткізіп, сый құрмет көрсетті.

Сонымен қатар, жиын барысында Жаңақорған ауданаралық аурухана бас дәрігері қызметіне Сәкен Алеудинұлы Үсейновты тағайындады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2021 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі туралы хабарлама жасауға бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы Тлепбаева Зауреш Абдрейімқызы баяндама жасап, жыл көлемінде жасалынған жұмыстар жөнінде есептік хабарлама жасап өтті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе облыстық оңалту орталығының директоры Ерғабит Орманұлы Ильясов жыл көлемінде атқарылған жұмыстарына тоқталып, хабарлама жасады. Медициналық кеңес соңында Сабит Бексеитұлы хабарламашыларға сұрақтар қойып, жаңадан тағайындалған бас дәрігерге сәттілік тілей отырып, алдағы аткарылуға тиісті жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарап, орындауға тапсырмалар берді.
02 ақпан 2022 ж. 699 0