№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дара болмысты – Дана

Дара болмысты – Дана


Кәсібін дөңгелетіп, қоғам дамуына көрік беріп жүрген жүректі жандар қатарында әйел-азаматтардың орны бөлек. Осы орайда ауданымыздағы кәсіпкер қыздарымыздың бірі Дана Әбдіханқызын арнайы таныстыруды жөн көрдік.


Кент орталығындағы көпшіліктің қажетіне жарап тұрған дүкен иесі Дананы қай кезде көрсеңіз де жұмысы қауырт. Дүкенге келушілердің қарасы қалың. Тіпті кезекке тұрып алған. Дүкенге кіргеннен ерекшелікті байқамау мүмкін емес. Заттардың бір-бірімен үйлесімді орналасуы, ішінің жарық әрі мұнтаздай тазалығы, келушілерге ар­налған орын, сөрелердегі ретімен қой­ылған сұраныстағы тауарлар бір­ден көз арбап, өзіне тартып тұрады. Дүкен иесінің тұтынушыға ерекше ілтипатпен қызмет көрсетуі ішкі мәдениетінің де жоғарылылығын көрсетеді. Біз Дананы әңгімеге тарттық.
– Кәсіп ашуға о бастан бейімім болды. Бұған дейін біршама істі бастап көрдім. Пайдасы жаман емес. Тек әр кәсіптің өз адамы болады екен. Бірнеше жылдан бері сауданы қолға алдым. Әркімнің өз айналысатын кәсібі болу керек. Қазір заман өзгерді. Оның көшіне ілесу білу керек. Өйткені, біз ұрпақты тәрбиелеп отырған анамыз. Балаларымыз бізге қарап бой түзейді. Біз оларға әрбір іс-әрекетіміз арқылы үлгі бола білуіміз керек. Екі ұлым да сабақтан тыс уақытта, менің жанымда қолғабыс етеді. Келген заттарды орны-орнына қойып, арасында сауда да жасайды. Бізді де әкеміз бала кезден еңбекке баулыды. Соның арқасында, кез келген кәсіпті игеріп кетуге ниеттіміз, – дейді.
Бизнес, қаржы, экономикалық біліктілік кез-келген адамға қажет. Тіпті онсыз ісіңнің алға басып, тірлігіңнің дөңгелеп кетуі екіталай. Мұны орыс ғалымдары маркетинг бизнестің тұздығы дейді. Пандемиялық уақыт маркетингтің маңызын асырмаса, түсірген жоқ. Негізі, азын-аулақ тиынның басын құрастыруға қабілеті жетпеген жанның бизнесті дөңгелетіп алып кетуі екіталай. Бұл тұрғыдан келгенде біздің бүгінгі кейіпкеріміз таудай іске тәуелкелдікті ата-анасынан үйренген ол өз-өзіне бек сенімді.
Алдағы уақытта дүкен жұмысын одан әріге дамытып, сұраныс көлемін арттыруды көздеген ол әркез күшіне емес, адал ісіне сенеді. Қашан да шын қалап жасалған істің мол несібесі болатыны хақ. Кейіпкеріміздің бар мақсаты отбасылық бизнесті қолға алып, көпшілік сұранысын қағанаттандыру. Өз жұмысына шебер нәзік жан алдында тұрған кедергіні жеңіп шығары сөзсіз. Бастапқыда, бұрын-соңды айналыспаған кәсіпті игеру қиындыққа соқтырғанымен, табандылығының арқасында бірте-бірте дүкен жұмысының қыр-сырын меңгере бастаған Дана Әбдіханқызы шағын бизнесті ілгерілету жолында қажыр-қайратын барынша жұмсауға әзір..
Қашанда тұтынушылардың көңі­лінен шығу үшін барынша тырысатын кәсіпкердің көңілі кең, келген адамды жылы жүзімен баурап алады. Ризық-несібеге қол жеткізудің өзі адамның іс-әрекетіне байланысты болса керек-ті. Бірі мамандық алып сол жолда қызмет етсе, енді бірі кәсіп ашып ісін дөңгелетуде. Кейіпкеріміздің бойынан байқағанымыздай, балалар­ының тәрбиесіне де уақыт табады. Қолдан келсе қабілетті пайдаланып, неге игілікке айналдырмасқа? Үйреніп, білгісі келген адамға кедергі жоқ. Бастысы ниеті түзу, еңбегі адал болса болғаны. Иә, кәсіпке де ең басты керек қасиет табандылық. Табандылық табыстың кілті десек, кез-келген кәсіпті бастау үшін де алдымен қаржы қажет дейміз. Үлкен кәсіп бастау үлкен тәуекелдікті қажет етеді. Бүгінгі кейіпкеріміздің бойынан осындай қасиеттерді анық байқауға болады. Біз де өз тарапымыздан ісің ілгері бассын демекпіз.

Әсел РЗАЕВА
19 қазан 2021 ж. 413 0