№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еститін мемлекет елдікті нығайтады

Еститін мемлекет елдікті нығайтады


Қоғамдық даму үдерісінде жоғарыдан басқару жүйесіндегі талапшылдық төрешілдікпен алмасып, адам құқын аяқасты еткен астамшылық сипат алғанда ол билік пен бұқараның арасын алшақтатып жіберетініне тарихтың сан сынында көз жетіп келеді.


Бұл орайда халық үніне құлақ асатын мемлекеттің негізін қалыптастыру қа­ғидалары бойынша күн сайын жаңа тіректі бағдарламалар жүйесі әзірленіп, барлық сала жұмысына тың серпін берді.
Қаңтар оқиғасы бүгінге дейін қор­даланған проблемалармен қатар қо­ғамдағы хаостың орнын олқылық атаулыны ортақ шешуге мүдделілікке бағыттайтын түсіністікпен бекемдей алуы тиіс биліктің жауапкершілігін бірінші орынға қойып отыр. Ел ішіндегі жағдайды естіп-біліп, електен өткізіп, өз дәрежесінде жұмысты үйлестіретін әкімдерге әлеуметтің талабы осы.
Қоғамды тұрмыс билейді. Тұрақ­тылыққа негіз қалауға ұмтылған мемлекеттің бірінші мақсаты халықтың жағдайын көтеруге бағытталуы тиіс. Осы орайда Қазақстан халқы санының басым бөлігін құрайтын ауыл тұрғындарының мәселесі май шаммен қарап зерделейтін жағдайға жетіп тұрғаны жасырын емес. Бұл жөнінде Парламент отырысында Мәжіліс сена­тының депутаты Ақылбек Күрішбаев сенаторлардың елдімекендерді аралап, ауыл халқының ахуалына әлеуметтік сауалнама жүргізгенде, ел жағдайының көрсеткіші ресми статистикадан көп алшақ жатқанын айтты. Ең төмені 35 мың теңге жалақымен күнелтіп отырған ағайынның өмір бойы несиеге тәуелділіктен арылмасы белгілі жайт. Бұл қалыппен ел тұрмысы қайтіп тіктелмек? «Ауылды қайта түлетуге ірі аграрлық компанияларды тарту керек» деп есептейді сенатор.
Жаңа Үкімет қабылдаған эконо­микалық жағдайды көтеру бағытында 51 іс-шара, оның ішінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, экономикалық және әлеуметтік бағытқа, инвестиция тарту, ұйымдастыру және қаржылық мәселелер, бизнесті қолдау, бағаны тұрақтандыру бойынша «Атамекен» палатасымен бірге халықтың табысын арттыру көзделуде. Мемлекет басшысы ең алдымен «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» әзірлеу керек­тігі жөнінде айтты. Кедейлікті жою үшін кәсіпкерлікті дамыту керек. «Бұл орайда бизнеске түсетін салмақты азайту туралы заңға қол қойдым» деді ол. Кешегі келеңсіздіктерде зардап шеккен шағын және орта кәсіп субьектілеріне өсімпұлдардың тоқтатыла тұруы керек­тігіне ұлттық банкке пәрмен берді. Кәсіпкерлікке ынталандыру, жастар тәжірибесіне көп мөлшерде мақсатты грантттар бөлу жұмыссыздықты азай­тып қана қоймай жастардың кәсіби маманданып, келешекке сенімді бағдар түзуіне сеп болмақ. Президенттің ең бір баса айтқан уәдесі: «Жалақы артып, халықтың әл-ауқаты жақсарады» деді. Сондай ақ жаңадан құрылған «Қазақ­стан халқының қоры» елдегі бай-бағландардың қарапайым халыққа жәрдем беруінің нақты механизмін жасап берді.
Саясаткер Дос Көшім Үкіметке баға беру мәселесінде басты критерий ретінде халықтың қарнының аш-тоқ­тығы бірінші кезекте тұратынын ай­тады. Қоғам қайраткерін өз елімізде өндірілетін өнімдердің бағасын көтермей реттеп отыруға не кедергі деген сұрақ мазалайды. Экономика дамуы үшін инфлияцияны құрықтауға тиіспіз. Отба­сында қалыпты күнкөріс деңгейі сақ­талуы үшін жанұяның әрбір мүшесіне ай сайын 98 мың теңге шығын есептелді. Бұның ширегіне де жетпейтін айлық-жалақымен күн көріп отырғандарды кедейліктің қамытынан босатудың әдіс-тәсілдерін табуда шағын және орта бизнесті демеу мәселесі күн тәртібінде тұр. Мұнымен қоса елдегі барлық ұжым, кәсіпорындарда жұмыс берушілер мен кәсіподақ бірігіп, нақты жоспарлар түзілуі керек. Бұл ретте бүгінге дейінгі еңбек заңнамасына түбегейлі өзгерістер керек. Еңбек шартында екіжақты тараптың құқы мен правосы бірдей қанағаттандырылуы заңмен реттеледі. Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 41 пайызға өсті. Мемлекет басшысының саяси трансформациясының арқа­сын­да Әлеуметтік Кодекс түбегейлі ре­фор­маларды қажет етеді. Инфлия­цияға байланысты жалақыны арттыру мәселесі көп мекеме-кәсіпорындарда назардан тыс қалып отырғаны жағ­дайды шиеленістіріп, еңбек дау­ла­­рын тудыратыны белгілі. Осы орай­да жеке кәсіпкерліктерге еңбек өнім­ділігіне байланысты мемлекет қа­зы­­насынан субсидия, жеңілдетілген кре­диттер беріліп, соның нәтижесінде жұмыскерлердің жалақысын көтеру жолға қойылуы керек. Ал бізде жа­лақы жүйесінің жоқтығы, еңбектің лайықты бағаланбауы экономика мен әлеуметтік саясат арасында баланстың сақталмауына алып келді. Әрбір ұжым басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруде еңбек адамдарының мүддесін ескеруі тиістігі де күн тәртібінде тұр. Көпшілік еңбек орындарында наразылықтың бой көтеруі басшылықтың еңбекті бағалауда кәсіптің табиғатын дұрыс екшеп, төлем тағайындау принциптерінен алшақ жат­қан жағдайлардың да аз еместігін көрсетті. Мамандықтың мәртебесіне қарай жа­лақы бекіту мәселесінде кемшілік көп. Ең бастысы, бизнестің дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы импортқа сұранысты азайтады. Осы жұмыстардың барлығын жандандыруда жан-жақты қадағалауға тиіс «әкімдер корпусы мен жауапкершіліктен қашпаймын. Жұмыс жасаймын» деген жаңаша ой-пікірдегі тұлғалармен барынша түсінісіп жұмыс жүргізуі керек.
Бүгінгі жағдайлар «Алдымен эко­номика, саясат содан кейінгі орында» деген қағиданы жоққа шығарды. Алдымен саяси жаңаруларсыз экономиканы алға апару мүмкін еместігін уақыт көрсетті. Саяси жаңғыру үшін әділетті қоғам құру идеясы алдыңғы орынға шықты. Ол жемқорлықсыз қоғам, адамдар арасында шынайы қарым-қатыснасты орнықтыру, нағыз мамандарға мүмкіндік беру, отанға адал қызмет ететін жастар өкілдерін тәрбиелеп шығару сынды асыл міндеттерді алдыға қояды. Парақорлық, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық бар жерде қанша бағдарлама қабыл­данса да нәтиже болмайды. Бұл ретте қоғамдық ұйымдар бар, белсенді жастар, халықтық тәжірибені пайдалана отырып, сол бастамаларды лайықты жүзеге асыра алатын демократиялық билік болуы керек. Сол кезде Президент айтқан еститін Үкімет елмен бірге болады.
2022 жылы жалақы өсе ме? Бұл мемлекет қоржынындағы капитал қо­рына тікелей тәуелді. Осы орайда шетке заңсыз кетіп жатқан олигархтар иелігіне сұрау болуы қажеттігі күн талабында тұр.

Баян ҮСЕЙІНОВА
22 қаңтар 2022 ж. 382 0