№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтық қоғамның белсенділігі қайтсе артады?

Азаматтық қоғамның белсенділігі қайтсе артады?

Экономикасы озық елдер азаматтық қоғамның белсенділігімен ерекшеленеді. Қоғамдық институттар елдің рухани-мәдени әлеуметтік-экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады. Аудан әкімдігінде өткен жиында азаматтық қоғамды дамыту жөнінде талқыланды. Оған мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық институт өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.
Іс-шарада алғы сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов:
– Аудан бойынша 83 үкіметтік емес ұйым болса, оның 18-і қоғамдық қор, 11-ы қоғамдық бірлестік. Осы ұйымдардың белсенділігі қандай? Бас қосудың мақсаты – осы сұраққа жауап тауып, қоғамдық институтты дамыту тетігін талқылау, – деді.
Бүгінде азаматтық институттардың цифрлы көрсеткіші мен сапалық деңгейі сәйкестене бермейді. Мәселен, 80-нен аса қоғамдық ұйымның ішінде «Ұрпақтан ұрпаққа», «Ақбаян», «Жебеуші», «Жаңар­ған Жаңақорған жастары» ұйымдарын жақсы білеміз. Тарихи тұлғалардың атын иемденген қорлардың «аты болғанымен, заты жоқ». Яғни азаматтық институттардың цифрлы көрсеткіші мен сапалық деңгейі сәйкестене бермейді.
Қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру үшін не істеу керек? Бұл сұраққа Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы ассоциациясының Жаңақорған ауданы бойынша өкілі Нұрхан Айдаров былай жауап берді: «Азаматтық қоғам билікке көмекші емес, билік азаматтық қоғамға көмекші болуы керек. Осы мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы айтып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын қалыптастырып, азаматтық қоғамды дамытуға бағыт көрсетті. Жалпы азаматтық қоғамның белгісі – халықтың «мемлекет бізге не береді?» деп күтуі емес, керісінше «біз мемлекеттің дамуы үшін не істей аламыз?» деген сұрақ қоя алуы».
«Нұрлы Сенім» қоғамдық қорының өкілі Мөлдір Әмірбекова азаматтық қоғамды дамытудағы кедергілерді атады.
Оның сөзінше, қордың аясында құрылған «Нұрлы сенім» балабақшасы дамуында кемшілігі бар он бес баланы қамқорлығына алған. Бірақ тәрбие орталығы қызметкерлерінің жалақысы мардымсыз. Әлеуметтік тұрғыда қор­ғалмаған. Кейде еңбек демалысына уақытылы шыға алмайды. Бұған мемлекеттік сатып алу конкурсы көктем айларында жариялануы әсер етіп отыр.
Үкімет тарапынан көптеген гранттар халықтың белсенділігін арттыруда септігі бар. Бұл жайлы «Жасампаз жастар» қоғамдық брлестігінің жетекшісі Олжас Әлиханов:
– 2019 жылы 500 мың теңге мемлекеттік грант жеңіп алдым. Бұл мақсатыма біртабан жақындауыма мүмкіндік берді. Жаңақорған кентіндегі орталық алаңға велосипедтер әкеліп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына үлес қостым.
Жиынға жиналған қоғамдық бірлестік пен қор жетекшілері халыққа сапалы қызмет көрсетіп, әлеуметтің әлеуетін арттыру негізгі мақсаты екенін жеткізді. Алайда қоғамдық институттарды жетіл­діруде ашықтық пен жариялықты ұстанып, гранттық бағдармаларды насихаттау жолға қойылса деген ниеттерін айтты.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА

21 ақпан 2021 ж. 462 0