№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ортақ жауапкершілік оң іске бастайды

Ортақ жауапкершілік оң іске бастайды


Мемлекет басшылығының талапты ұйғарымымен құзыреті айқындала түскен Сенім кеңестерінің жергілікті жердегі өкілеттіктері – қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру арқылы халық үніне құлақ асатын мемлекеттің үлгісін қалыптастыру міндеті өзекті. Адамдардың мұң-мұқтажына биліктің назарын аудару арқылы атқарушы органдар қызметіне қарқын беретін қоғамдық құрылым, сайып келгенде, саналы өркендеуге жол бастайтын платформа екендігі әлем тәжірибесінде дәлелденген.


Жақында өткен қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында жоспарланғандай, аудан әкімі Руслан Рүстемовтің 2020 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысын сөз етіп, кеңес мүшелерінің әр бағыттағы сауалдарына жауап берді.
Аудан әкімі баяндағандай, 2020 жылы аудан бюджетінің кірісі 24,3 млрд теңгені құрап, 101,9 пайызға орындалды. Ал, болжалды жоспар 23,9 млрд. теңге еді. Өнеркәсіп саласында әртүрлі фракциялы қиыршық тас өндірумен 10-ға тарта кәсіпорын жұмыс жасайды. Жалпы, өңірдегі кәсіпкерлер саны 5236-ға жетті. Оның 4970-і белсенді кәсіпкерлік нысаны. Мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 7300 адамға жетіп, олардың қатысуымен 9,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 26,9 млрд. теңгені құрап, ол 105,9 пайызға орындалды. Өткен жылы 3 инвестициялық жоба іске асырылды. Атап айтқанда, «Қуат Әк» ЖШС жылдық қуаты 20 мың тонна әк шығаратын зауыт жобасын жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 100 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 15 адам. Екіншісі, «Мелиоратор» ЖШС-нің гиперпрессиялау әдісімен бұйымдарды өндіру зауытының жобасы еді. Мұның да межесі орындалып отыр. Қазір жылдық қуаты – 250 мың шаршы метр тротуарлық плитка, 1,7 млн дана бордюр шығару. Ашылған жұмыс орны 20 адам. Үшіншісі, «Мелиоратор» ЖШС-нің темір-бетонды құбыр бұйымдарын шығаратын зауыттың жобасы 2020 жылы іске асырылды. Жылдық қуаты – 18 мың дана құбыр шығару. Ашылған жұмыс орны 26 адам.
Аймақ даму динамикасының бас менеджері ретінде одан әрі 2021 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалар қатарында «Қуат» керамзит ЖШС-нің кірпіш және блок шығару жобасы және «Абдулла» шаруақожалығының тауық етін өндіру цехы іске қосылатынын, аудан бюджеті есебінен 4 елді мекен – Жайылма, Кейден, Шалқия, Құттықожаны газдандыру үшін сараптамадан өткізуге қаржы қаралып отырғанын тағы да осы жылға нақтылы жоспарланып отырған жұмыс жобаларымен таныстырды.
Хабарламадан соң сұрақтарға кезек беріліп, кеңес мүшесі Мадияр Ахметов ауыз су құбыры сервистік қызметі сапалы жүргізілсе дегенді ортаға салды.
Кентте жарықтың жиі өшетінін, әсіресе кешегідей төтенше жағдай кезінде ескірген бағаналар мен желілер сыр беріп, жөндеу жұмысына мамандар жетіспеуі сезілді. Тозығы жеткен желілерді жаңалау бағытында аудан басшылығы Астана қаласына арнайы іс-сапармен барып, қажетті қаржыны шешіп қайтқаны белгілі болды. Ауданда электр энергиясы және газ бағасы төмендетілді. Кеңес мүшесі Алмас Нәлібаев сөз алып, ауданда кезекте тұрған 7000 адамға жер телімін беруге тиісті қаржы қаралса, әлі инфрақұрылымы түзілмеген аумақтың табиғи түлеуіне, яғни қарапайым тұрғындардың ынталы қарекетімен өзімен-ақ үй-жайлардың қазығы қадалып, талапты тіршілікке негіз қаланар еді деген ойын жеткізді.
2021 жылдың басында қоғамдық бақылауды күшейту мен қоғамдық кеңес туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жиында атқарылған жұмыстар туралы есеп берген аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Ақылбек Жәнібеков есепті мерзім ішінде атқарылған жұмыстар нәтижесі туралы баяндап, мұның ішінде аудан тыныс-тіршілігіндегі толғақты мәселелер жөнінде сала басшыларына ескерту жасалып, тиісінше атқарылған жұмыстарға тоқталумен қатар, айтылған сын-пікір, өтініш, талаптардан қорытынды шығармақ түгілі тиісті орындар жауап та беруге жарамаған жағдайлардың кезіккенін тілге тиек етті.
Қоғамдық Кеңестің мұнан әрі де бұқара мен билік арасында алтын көпір сынды жауапкершілікті сезініп, бағыт-бағдарын айқындай түсу талабында түзілген жұмыс жоспары талқыланып, қоғам мүшелерінің ұсыныс-пікірлермен толықтырылды. Қоғамдық Кеңес хатшысы Әбілғазы Төлегенов салалар бойынша атқарылуға тиіс міндеттер сипатына жан-жақты талдау жасап, жұмыс мазмұнына бағыт-бағдар берді.
Түйіндей айтқанда, ауданда атқарылған тірлік аз емес, ортақ мақсатқа жетуде қалың жұртшылықтың құзырлы орындарға сенімі бәрінен қымбат. Осы бағытта қос тарапқа да қадірі биік Қоғамдық кеңес осы міндет тұрғысынан көріне алса нұр үстіне нұр.

Баян ҮСЕЙІНОВА
27 қаңтар 2021 ж. 329 0