Жыл үздігі: «Жылдың полиция қызметкері»
Биыл құқық қорғау саласында еңбек ететін қызметкерлер арасынан Әділет Оспанов дараланды. Қазіргі қызметі Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы. Бұл салада еңбек өтілі 5 жыл, қызмет жолында сіңірген еңбегін ескерген басшылық үздікке ұсыныпты.
2012 жылы Алматы қаласындағы құқық және экономикалық академиясын заңгер мамандығы бойыншы бітірген. Ішкі істер органындағы еңбек жолы 2014 жылы басталып, бүгінде бөлімдегі тәжірибесі толысқан маман. Әділет Сейданұлын ұжымы ҚР Ішкі істер органдарының жұмысын үйлестіретін бұйрықтар, нұсқаулар мен басқа да нормативтік құжаттарының талаптарын меңгерген білікті маман ретінде жоғары бағалайды.