» » «Үздік отбасы династиясы» – сақшылар әулеті

«Үздік отбасы династиясы» – сақшылар әулеті

15 мамыр- Халықаралық отбасы күні. Жаңақорған ауданының құқық қорғау саласына үлес қосып келе жатқан Абдраманов әулетін қалай мадақтасақ та жарасады. АПб-нің бірнеше бөлімшелерінде уақытпен санаспай, өзінің қызметтік міндетін адал атқарып абырой биігінен көрінген отбасының үлкені Абдраманов Әбусейіт Абдраманұлы. Ол аудан көлеміндегі ауыл қылмыстардың әшкереленуіне зор үлес қосқан ІІО-ның ардагері. Ұлы Ералы Абдраманов та құқық қорғау саласының ардагері. Немересі Ермұханбет Абдраманов қазір ЖПҚб-нің ЮПт-ның КТІЖ-гі УПИ-ры полиция капитаны.
Әбусейіт Абдраманұлы (15.08.1938) – ІІО-на 1960 жылы милиоционер болып қабылданып, бөлімнің қылмысты іздестіру бөлімшесінде, тергеу бөлімшесінде абыроймен қызмет атқарып, 1988 жылы аудандық аға учаскелік полиция инспекторынан полиция майоры шенімен құрметті зейнеткерлікке шықты.
Ералы Әбусейітұлы (06.10.1968) – ІІО-на 1989 жылы қабылданып, аудан полиция қызметінің дамуына көп үлесін қосты. Аудан, облыстық деңгейде марапатталды. 2012 жылы АПб УҰИ-нан абыроймен зейнеткерлікке шықты, қызмет жолында бірде-бір тәртіптік шараға тартылмаған.
Ермұханбет Ералыұлы – аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны, үздік полиция қызметкері ретінде ауданға белгілі, оның бір дәлелі 2019 жылдың қорытындысы бойынша Ермұханбет Ералыұлы аудан әкімінің "Ең жас үздік құқық қорғау қызметкері" номинациясының иегері атанған.
Жаңақорған ауданының полиция
бөлімінің баспасөз қызметі

15 мамыр 2020 ж. 535 0