№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құқық қорғаушы қайсар қыз

Құқық қорғаушы қайсар қыз


Аудандық полиция бөлімінде ерлермен етене еңбек етіп, қоғам тынышын сақтауда қызметте жүрген нәзік жандылар да бар. Санаулы болса да, сапалы жұмыс істейтін аруларды қалай дәріптесек те жарасады. Сертіне адал, қызметіне қырағы құқық қорғау саласында жүрген жанның бірі – Гульфат Нурдиллақызы. Он жылға жуық бөлімде қызмет ететін Гульфаттың еңбегін басшылық жоғары бағалайды.


Кейіпкеріміз қазір Жаңақорған ауда­нының полиция бөлімінің жетекші маманы. Жауапкершілік жүгін арқалап жүрген жан туралы алдымен басшылық тараптан пікір алмастық
– Мемлекетті халықпен тығыз байла­ныс­тырып тұрған мемлекеттік қызмет­шілер, сондықтан мемлекеттік қызметші – ол қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезіне алатын тұлға болуға, білімді де білікті болуға тиіс. Бізде өс ісінің білікті мамандары қызмет етеді. Оның ішінде, аруларымыздың есімі ерекше. Нурдиллақызы Гульфат 2012 жылдың тамыз айынан бастап абыройлы қызмет атқарып келеді, еңбегі елеулі, – деді полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев.
Жаңақорған ауданының полиция бөлі­міне «Жеке және заңды тұлғалардан» келіп түсетін арыз шағымдарды, барлық құжаттарды қабылдап, олардың мерзі­мінде орындалуына бақылау жасап сонымен қатар аудандық полиция бөлімі басшыларымен жеке азаматтарға қабылдау жүргізіп, т.б біршама қызмет­терді атқарады.
– Кез келген қызметтің өзіне тән қызығы мен ауыр тұстары болады, менің бала кезгі арманым құқық қорғау саласында еңбек ету болды. Бұл сала көп еңбектеніп, ізденуді қажет етеді. Мен де осы биіктен көрінуге тырысып келемін, – деді ол.
Полиция қызметі – батылдықты, өжет­тілікті, қайсарлық пен табандылықты, іскерлік пен білімділікті талап ететін ауыр сала. Дегенмен, осы қызығы мен қиындығы қатар жүретін салада қызмет пен отбасын қатар алып жүрген қыздарымызға сүйсіне қарайтынымыз рас...

13 қазан 2021 ж. 442 0