Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жаңа жылдық достық әзіл: Молдахмет Нәлібаевқа!

Жаңа жылдық достық әзіл: Молдахмет Нәлібаевқа!


Қожамберді ауылдық округі экс әкімі Молдахмет Нәлібаевқа!

Туған халқы қалап өзі қойғасын,
Тірлік қылды елмен бірге ойласып.
Айнадай боп асфальт жолдар зулаған,
Көріп отыр ел-жұрт бүгін пайдасын.

Он екі жыл тілін тауып қауымның,
Жайын ойлап жүрдің іні-бауырдың.
Алла үйі – біткен істің төресі,
Күзетіп тұр ар-ожданын ауылдың.

Аяқ судың тапты ақыры амалын,
Көгөріспен көркі кірер даланың.
Кем-кетігін жамап-жасқап әлі жүр,
Айналшықтап қазып кеткен каналын.

Жазығы сол, істің көзін білгені,
Ит тірлікті мойынға бір ілгені.
Жас әкімнің кеңге салып арқаны,
Сол екен ғой футбол қуып жүргені.

Баян ҮСЕЙІНОВА
01 қаңтар 2022 ж. 669 0