БІЛІМ АЛУШЫЛАР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Шетел тілдері және аударма» және «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының түлектері жұмыс берушілермен кездесті. Кафедра оқытушылары «Дипломмен ауылға!», «Түйіндеме әзірлеу тәсілдері», «Бос жұмыс орындарын анықтауға арналған электрондық порталдар» тақырыбында презентациялар дайындап, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішіне тоқталды.
2020-2021 оқу жылында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 85 түлек бітірсе, оның 84,7 пайызы жұмысқа орналасты. Ал «аударма ісі» бойынша жұмысқа орналасу пайызы 66,6 пайызды көрсетті.
«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы бойынша 84 білім алушы бітіріп, оның 80 пайызы жұмыспен қамтылған.
«Шет тілін білу – заман талабы. Ағылшын тілін жетік білетін мамандарға сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жақында Қызылордада шыны зауыты іске қосылды. Сәйкесінше, енді аудармашылар қажеттілігі туындайды. Бұл сіздерге берілген үлкен мүмкіндік», - деді «Pechoin Central Asia» ЖШС директоры Нұршын Наурызбайұлы.
Жас мамандардың қатысуымен өткен шараға «Pechoin Central Asia» ЖШС директоры Нұршын Наурызбайұлы, «CNEC («СиЭнИСи»)» ЖШС директорының орынбасары Күлсара ханым, М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі директорының орынбасары Майра Бекетова, П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі директорының орынбасары Динарида Шадибекова, «Speak English» оқу орталығы директорының орынбасары Айжан Бейсенова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Айжан Жұмағұлова, Гуманитралық-педагогикалық институттың директоры Сағат Тайман қатысты.
Ал «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы ұйымдастырған жиында мекеменің тәжірибелі мамандарын оқу процесіне қатыстыру, яғни мекеменің базасында практикалық сабақтар жүргізу ұсынысы қарастырылды.
Аталмыш шараға Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Асылбек Көпболсын, Қызылорда облыстық полиция департаменті Кибер қылмысқа қатысты бөлім қызметкері Тимур Хамитов және Бауыржан Алиев, Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының қызметкері Идаятулла Смагұлов, «Транстелеком» АҚ Қызылорда қаласындағы «Қызылордатранстелеком» филиалының директоры Бағлан Құдияров, университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің практика меңгерушісі Қалдыбек Қиясов пен бөлімінің әдіскері Айжан Жұмагұлова қатысты.
Мұндай жиындар арқылы білім алушылар болашақ жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпарат алып, жұмысқа орналасуда кездесетін мәселелердің шешімін таба алады.