» » Қоғамдық жұмысшыларға құрмет көрсетілді

Қоғамдық жұмысшыларға құрмет көрсетілді



Ел тәуелсіздігі арқасында кент келбеті көркейіп, әсемдігімен айшықталып келеді. Сән - сәулеті келіскен ғимараттар қатары көбейіп, күннен - күнге көше кейпі абаттанып, жарықтандыру жұмысы көңілге қуаныш сыйлауда. Ажары айшықталған аудан орталығын таза ұстауда тазалықшы жұмысшылардың еңбегі ерен. Ертелі - кеш жаздың шіліңгір ыстығы мен кыстың қытымыр аязына қарамастан қоғамдық орындар мен кент көшелерін қоқыстан тазартуда. Олардың аудан орталығының тазалығына косар үлесі зор. Сондықтан бүгін кент әкімі Есдаулет Сейлов қоғамдық ақылы негізде тазалықшы қызметін атқарып жүрген 5 адамды Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында: Мелихов Владимир, Паули Роза, Жаманқұлова Гүлдана, Хайдарова Рахия, Бекмухамедова Ғалия бар.

(с) Жаңақорған кент әкімдігі
15 желтоқсан 2020 ж. 481 0