» » Елдіктің жеті тұғыры

Елдіктің жеті тұғыры


Бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапханасы ұжымымен кездесуге бардым.  "Елдіктің жеті тұғырындағы" жеті қағидатқа тоқтала отырып, Мәдениет саласына қатысты бағытына ерекше тоқталып өттім.  Бесінші бағыты Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "қазіргі таңда жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек екендігін, сол үшін мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білген абзал. Басқа халықтарды тек өнер құдіретімен, ғылыми ізденіспен ғана мойындата аламыз – деп атап өткен болатын. Осы орайда "Кітап сыйла" акциясына өз үлесімді қосу мақсатында өзімнің жеке бұрышымнан орын алған кітаптарым  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың және айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың «Сөйлеуге дейін, сөйлеу барысы, сөйлеп болғаннан кейінгі аудиториямен жұмыс» атты 3 бөлімнен тұрады төл туындысы «Сөз менеджменті» кітаптарын аудандық орталық кітапхана директоры Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызына сыйға тарттым.   Балқожаев Мәжит Байқожаұлы
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы
филиалы  фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты
13 желтоқсан 2021 ж. 299 0