» » Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі

Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі

«Өркениетті отыз елдің қатарына қосылуда материалдық құндылықтармен қатар, рухани байлықтың маңызы зор. Басқа халықтарды тек өнер құдіретімен, ғылыми ізденіспен ғана мойындата аламыз» деп Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттарының жиынтығында атап көрсеткендей.

«Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі мәдениет саласы бойынша бүгін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі, жерлесіміз, ақын, жазушы Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Исаев Базарбай ағамыздың 80 жылдығына орай «Тоқтатпайды ұлы тағдыр шеруін...» тақырыпта патриоттылыққа насихаттайтын, рухани кемелділікке меңзейтін, ұлттық тілімізге деген құрметтілікті арттыруға шақыратын үлкен еске алу кеші өткізілді. Шара барысында сөйлеген аудан әкімі Р. Рүстемов Базарбай ағаның Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, қазақ детективі жанрының да танымал тарланы, көрнекті аудармашы болғандығы жайлы сөз қозғаса, ақынның немере інісі Алманов Әзімхан Базарбай ағасының өмір жолына тоқтала келе, ресбуликалық «На страже» газетінің бастапқы кезде бір бетін қазақша етіп шығаруға күш салғанын, онан кейін барлығын қазақша өз алдына «Сақшы» газеті етіп шығарған қайсар ақынның ұлтының нағыз жанашыры деп танитынын жеткізді. Өлең жырдың базары атанған Базарбай ағамыздың шығармаларының тұғыры биік, ауқымының кең болуы, оның туған елінің өткені мен ертеңін және болашағын шығармаларының діңгегі етіп алуында екендігі жайлы аудандық кітапхананың шараға қатысушыларға ұсынған кітап көрмесінің түсіндірілімінде толық байқағандай болдық. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған ақын, жазушының жары Күлан Байшаханқызы өз сөзінде ұлтының жоғын жоқтап, руханияттың туын биікке көтерген жұбайы Базарбайдың еңбегін туған жеріне әкеліп таныстырып, табыстау еді. Және осындай еңбегін кейінгі жастарға насихаттап, мәңгі жадында қалдыру үшін ауданның бір мәдени орындарына есімі берілсе деген ұсынысын да білдірді. Ия өзінің саласымен бірге ақындықты да, жазушылықты да, аудармашылықты да қатар алып жүріп, артқы буынға рухани құндылықтар қалдырған ағамызды ұлықтап есімі беріліп жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы фракциясының жетекшісі, аудандвқ мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры
07 желтоқсан 2021 ж. 622 0