"Жеті тұғыр" – киелі ұғым!
Өздеріңізге мәлім, осы қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсына отырып, отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген бұл менің Елбасы ретіндегі жас ұрпаққа жолдар үндеуім ретінде қабылдаңыздар деген болатын.
Осы ретте, жоғарыда аталған жастарға арналған бағдарлы үндеуді "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Жалын» бастауыш партия ұйымының мүшелері, яғни Жаңақорған аграрлы – техникалық колледж жастарына таныстырып қайттым.
Бұл маңызды құжат еліміздің рухани дамуына өзінің бағытын береді.
Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизм деп 7 түрлі бағытта бөлінген әр тұғырдың идеологиялық мәні зор, келешекке бағдаршам болар
7 тұғырды негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті қоғамда, технология дамып жарысып жатқан заманда жас буын өкілдері артта қалмауы парыз, ол ел келешегі үшін маңызды. Мемлекетті нығайтып, айбынды елге айналдыру жолында әр жас азамат тынымсыз еңбек етуі қажет. Елім десе жүрегі соғатын, Қазақстаным десе жанын беретін жастарда үлкен миссия, сүрінбеуі қажет, себебі олар ел болашағының жарқын кепілі.
Партия лидері Н.Назарбаев аталған құжат арқылы Тәуелсіздіктің негізгі жеті тұғырын тайға таңба басқандай анық көрсетіп берді. Ендігі кезекте бүгінгі бағытымыз арқылы ертеңгі күнге үлгі болсын деп ел дамуына үлес қоса берейік!
Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданы филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданы филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры