№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрметке лайық қалаулы

Құрметке лайық қалаулы


«Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнеріне, сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген біздің халқымыз ақын-жыршыларын қадір құтып, ерекше дәріптеп отырған. Осындай дәстүр тағылымына аудан әкімі Руслан Рүстемов пен ақиық ақын Әбілқайыр Сыздықов арасында еркін форматта өрбіген кездесуде куә болдық.


– Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ халқының рухани өмірінде алтын әріп­термен жазылатын сәттердің куәсі болдық. Сыр өңірі, оның ішінде Жаңақорған ауданының тарихында ең бір үкілі, ең бір айшықты күн ретінде бағаланатыны анық. Бұл – классик жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атануы және Сыр сүлейі Мұхтар Ниязов үшінші рет «Алтын домбыраны» қанжығасына байлады. Ал ақиық ақын Әбілқайыр Сыздықов мәдениет саласының ең мәртебелі марапаты «Мәдениет саласының үзді­гі» төсбелгісін кеудесіне тақты. Оған қоса, Жаңақорған ауданының «Құр­метті азаматы» атанды.
Шабытыңыз шарықтап, ұлттың рухани-мәдени көкжиегін арттыруға үлес қоса беріңіз, – деп құттықтады Руслан Рүстемұлы.
Расында әдебиет, мәдениет, өнер саласында ерекше тарихи сәт орын алды. Жазушы Тынымбай Нұрма­ғам­бетовтің, қызылордалық ақындар Мұх­тар Ниязов, Серік Ыдырысов, Әбіл­қайыр Сыздықовтың жетістігі барша алаш жұртын қуанышқа кеңелтті. Өйткені бәрі де марапатқа лайық, өрісі кең, тұғыры биік тұлғалар.
Әкім мен ақын сыйлас, сырлас дос­тар болғандықтан кездесуде ерек­ше жылылық байқалды. Ашық-жар­қын әңгімеге ұласып, өрелі ой қоз­ғалды.
– Еңбек еленіп жатқанда адамның мерейі тасып, марқайып қалады екен. Бұл марапаттардың өзіндік салмағы, жауапкершілік жүгі бар. Сондықтан мемлекеттік мүдде жолында үлес қоса беремін, – деп толғанысын жеткізді Әбілқайыр Әбілпаттаұлы.
– Ақын Әбілқайыр Сыздықов елге арқалы ақын ретінде сыйлы, ал ауданымыз үшін бұрыннан құрметті азамат. Тек комиссия мен мәслихат заңды түрде бекітіп берді.
Ең бастысы, елде саяси тұрақ­тылық болса, ақын-жазу­шылардың жырлайтын, жазатын тақырыбы ор­тай­майды. Сондықтан елдік жолын­да ақындық қасиетіңізбен қыз­мет ете беріңіз! – деді кездесуде аудан басшысы.
Кездесу барысында әкім мен ақын айтыстың ақтангері Манап Көке­новтың дәстүрлі мектебін жаңғыртып, жас ақындарды сөз додасына дайын­даудың мән-жайын ақылдасты...
Руслан Рүстемұлының ақын-жа­зу­­шы мен өнер адамдарын жа­қын тұтып, сый-құрмет көрсетіп жүре­ті­нін жақсы білеміз. Мәселен, Сыр­дария ауданының айтыскер ақы­ны Замадин Ибадуллавтың өзі туып-өскен ауданының «Құрметті аза­­­­­маты» атағын алды және ақынның 80 жылдығына орай «Заңғар ақын – Замад­дин» атты ақындар айтысын өткізіп берді. Осындай сарындағы құр­мет Әбілқайыр Сыздықовқа да көр­сетілгенін аңғардық.
Өз кезегінде Әбілқайыр Әбілпат­таұлын рухани қолдаудың мән-маңызы бар. Ол 1992-2013 жылдары мәдениет саласында түрлі деңгейде қызмет атқарып, аудан өнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосты. «Халық ақыны» Манап Көкеновтің дәстүрлі ақындар мектебін жалғастырып, «Жүрсіннің жүйріктерінің» қатарында аламан айтысқа түсіп, дарынды, арқалы ақын ре­тінде елге танылды.
Айтыс өнерінен бөлек өлеңдерімен жас өрендерге рухани тәлім-тәрбие беріп, патриоттық рухын асқақтатып жүр. Оның «Мен қазақпын», «Тәуел­сіздік толғауы», «Туған өлке», «Рухани жаңғыру жолымен», «Дос­қа сыр», «Айбынды Астана», «Қорқыт кешені басындағы кездесу», «Тәуелсіздік тар­туы», «Қызылорда» және т.б өлеңдері ұрпаққа рухани азық, жастарға өнеге болары сөзсіз.

P.S.: Әбілқайыр Сыздықовтың Жас­тар Одағы сыйлығының лауреаты, «Ерең еңбегі үшін» медалін енді Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен Жаңа­қорған ауданының «Құрметті азаматы» атағы толықтырады.

Нұрлат АЙТЖАН
12 желтоқсан 2020 ж. 966 0