"Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!"
Жақында Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығында" болып, "Nur Otan" партиясының Жаңақорған ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 4 басымдығы "Жастарға арналған аудан" атты бөлімі бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайттық.
Жалпы 2021 жылы Жаңақорған ауданы бойынша "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беруге республикалық бюджеттен 673 адамға 392 628,2 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңға толық игеріліп, биылғы жоспарлы нысанадан артық орындап шыққан. Алайда сөз бен істің қаншалықты алшақтығы байқалады ма деген сұрақпен осы қаражатты өз мақсаттарына сай жұмсап, игілігін көріп отырған Жаңақорған кентінің тұрғыны "Сағат" дара кәсіпкер Таласбаев Сағат Аманбайұлының Шаштаразында болып, алған құрылғылары мен қажетті бұйымдарын көріп, өзімен сұхбаттасқан болатынбыз. Сағат Аманбайұлы өзінің хоббиі болып келген жұмысты мемлекеттің қолдауымен, берген жеңілдігінің арқасында кәсіп ашып, бала - шағасының нәпақасын тауып жүргендігіне ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта одан да үлкен жоспарлары бар екендігін және оны жүзеге асыру барысында туындап жатқан сұрақтарын да қойып үлгерді.
Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры