Партия бастамаларының нәтижесі қуантады
Қазіргі таңда халық партиядан есептілікті және олардың бастамаларын ілгерілетуді күтеді. Осындай бастамаларды негізге алған "Nur Otan" партиясының Жаңақорған ауданының сайлауалды бағдарламасының 3- басымдығында қамтылған "Бақытты отбасы" атты партиялық жобасының ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығында" болып қайттық.
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға, олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған бұл партиялық жобаны жүзеге асыруда төмендегіше жұмыстар атқарылып жатқандығының куәсі болдық.
Бүгінгі таңға "Бақытты отбасы" орталығына 258 отбасы кеңес алуға жүгінсе, 381 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа жұмыссыз мүшелерінен 27 адам және көп балалы отбасылардан 164 адам қатыстырылған.
Ең маңыздысы бұл аталған жоба облыста аудандар арасынан бірінші болып біздің ауданымызда бастау алып, осындай нәтижелі жұмыстарды атқарған.
Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты