Бақыт балалы үйге қонады

"Еңбек" бағдарламасы аясында ауданымызда көптеген көп балалы аналар жеңілдіктер алған екен. Әйтседе сол азаматшалардың шынайы жұмыстарымен танысу үшін Жаңақорған кентінің тұрғыны Мұсатаева Айсұлу Полатханқызының отбасында болып, кәсібімен таныстық. Көпбалалы ана санаты ретінде бағдарламаға қатысып, мемлекет тарапынан 100 тауық,8 қораз алып, өз мақсатын жетілдіру үшін жұмыс жасап отырған Айсұлу Мұсатаева бұл кәсіптің сәл қиындығы болса да, төзу қажеттілігін, сондай - ақ "Құс шаруашылығын дамыту бағытында" бастаған жұмысын әрі қарай күрделендіру жоспарында бар екендігін де жасырған жоқ. 7 айдың көлемінде жүргізген жұмысының сапасын көріп, бізде бақыт балалы үйге қонады екен деген ой түйіп, істеріне берекет берсін деген ізге ниетпен қайттық.
Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы фракциясының жетекшісі, аудандық кітапхана директоры