№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жүкті аналар екпе алды

Жүкті аналар екпе алды

Әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясына тосқауыл қою мақсатында түрлі вакциналар шықты. Аудан халқының басым бөлігі ол вакцинаны қабылдап та үлгерді. Ендігі кезекте жүкті және емізулі әйелдер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге салынатын «Комирнати» вакцинасы тұр.Осыдан бұрын біздің елде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркелген АҚШ-тың «Пфай­зер» компаниясының «Коми­рнати» вакцинасы жүргізі­летінін айтқан едік. Бұл вакцинаның біздің ауданға 120 дозасы жеткізілді. Біз аталмыш вакцинаны тұрғындар қаншалықты қабылдағанын білу үшін ауданның бас эпидемиолог-дәрігері Асхан Отарбековпен сөйлестік.
– Бізге келген доза 120 болатын. Оның барлығын салып бітірдік. Емізулі аналарға 39 данасы, жүктілігі 16-37 апта аралығындағы әйелдерге 15 данасы, қалған 66 данасы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге салынды. Екпені салу барысында ешқандай кері әсер болған жоқ. Тұрғындардардан шағым түспеді. Алдағы уақытта осы вакцинаның тағы 210 дозасы келеді, – деді эпидемиолог.
Оның сөзінше, Pfizer вакцинасын салдыру тырысқақ, туберкулез сияқты індетті жеңуге көмектеседі. Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет пайда болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты.
Иә, вакцина алған адамның ағзасында вирусқа қарсы тұратын иммунитет қалыптасады екен. Десе де жүкті әйелмен сөйлесіп, вакцинациалаудан кейін өзін қалай сезінгенін сұрадық.
– Жүктіліктің 25-26 аптасында «Ко­мир­нати» вакцинасын қабыл­дадым. Ешқандай кері әсерін сезбедім. Тек ине шаншыған орында аздап ауырсыну болды. Бастысы – ағзамыз вирусқа төтеп беруі керек, – дейді кент тұрғыны Нарқыз Қансейітова.
Мәліметтерге сүйенсек, елге «Комирнати» вакцинасының 4 мил­лион 230 мың дозасы келген. Демек, 2 миллион 115 мың қазақстандық осы вакцинаны сал­дыра алады. Бұл екпені салдырғандар да ревак­цинациядан өтуі керек, яғни үшінші дозаны қабылдайды. Үшінші доза ретінде – Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in неме­се Спутник V вакцинасын салу ұсы­нылады.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
23 қараша 2021 ж. 262 0