№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Министр Pfizer вакцинасының қауіпсіздігін айтты

Министр Pfizer вакцинасының қауіпсіздігін айтты



ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакцинациялау науқаны туралы баяндады. Бүгінгі таңда вакцинаның 16,2 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1-компоненті бойынша 8 501 375 адам егілді, бұл тиісті халықтың 74,6% – ын құрайды. Екінші компонентпен 7 777 468 адам немесе 68,3% қамтылған.
Министрлік «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» вакцинасының 4 млн 230 мың дозасын сатып алды, бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.
«Республикаға 379 мың доза көлеміндегі вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынды», – деді Алексей Цой.Министр жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің білім беру ұйымдарының егу кабинеттеріндегі хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол берілетінін, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің қалауы бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымның егу пункттерінде вакцинациялануы мүмкін екенін еске салды.
Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне келетін болсақ, сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде «суық тізбек» қамтамасыз етіледі. Comirnaty/Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, вакцинаны қоймадан егу кабинетіне дейінгі барлық кезеңдерде сақтау және тасымалдау ережелерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Айта кету керек, Comirnaty/Pfizer вакцинасының тиімділігі 95% құрайды. Ол қауіпсіздіктің дәлелденген базасына ие және 142 елде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Еуропалық Одақ елдерінде қолданылады.
Бүгінгі таңда әлемде 60 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер коронавирустық инфекцияға қарсы егілді.
12 қараша 2021 ж. 516 0