№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еріктілер ісі ел жүрегін жылытты

Еріктілер ісі ел жүрегін жылытты


Биыл қыс ерте түсті 3-4 жыл бұрын үй-үйге кіргізіліп, іске қосылған көгілдір отынның игілігін көріп жатқандар қазан айының алғашқы күндерінде –ақ газ пештерін қосып, маусым ызғарын сезініп те отырған жоқ Ал енді үйлеріне газ пешін орнатып алуға қолқысқалықтан мүмкіндіктері болмай отырған жанұялар үшін көмір алтыннан қымбат құндылыққа айналған.


«Жаңарған Жаңақорған жастары» ерікті жастары жексенбі күні жаппай қол ұшын созып, сауапты іске ұйытқы болды. Олардың ортақ чатына Данияр Досантаевтың «Жігіттер, жата берген жарамас. Қаншама шын мұқтаж отбасы көмір сұрап, жекеге жазып жатыр» деген ұсынысы көпшіліктен қолдау тауып, әрқайсысы жанынан қаржы шығарып бір ортаға жинақтады. «Бісмілләмен басталған істе береке бар» демекші, айналасы бір күн ішінде ерікті жастар жинаған жылудың біршама басы құралып, сол қаржыға отын базасына барып 30 тонна көмір сатып алды.
Одан әрі жандары қысылғанда осы жастарды пана тұтып, жәрдем сұрауға мәжбүр болған отбасыларға бір және бір жарым тонна көмір таратып шықты. Бұл қайырымдылыққа бірі Камаз көлігімен, бірі жүксалғышымен, бірі тіркемесі бар жеңіл көлігімен, тіпті біреулері күрегін арқалап барып, қол күшімен болса да ортақ істің жүзеге асуына жәрдемін беріп, асарға қарқын дарытты. Сөйтіп жексенбі күні қас қарайғанша жұмыс жасаған жігіттер қалғанын дүйсенбіде жалғастырып, біраз отбасын қуанышқа бөледі. Бұлар көмір апарып түсірген көп үйлердің тұрмыс халінің төмендігін көзбен көрген жігіттер, екінші күн барған отбасыларға азық-түлік заттарын қоса апарып беруге пәтуаласты.
Бір жақсылық, екінші жақсылықты тудыратыны секілді, жігіттердің бұл талабы бірнеше отбасын қуантып жатқаны кәміл.
Осы күндері ерікті жастардың бас­тамашылдығымен бұған дейін қайта-қайта көлік апаты орын алып келе жатқан екінші касса жанындағы "Ғани" дүкені қасындағы қиылыста Данияр бауырымыз құрбандық шалды. Екінші бір осындай көлік апаты жиі орын алатын тұсқа екінші құрбандық шалу шарасын да осы жастар атқаруда. Ондағы ниет: жол апаты, қауіп-қатерден амандықта болуға дұға бағыштау.
Жаурап отырған отбасыларға көмір түсіріп беріп, жақсылық жасаған жастар осындай әрекетімен былтырғы қыста да көңілдерге шуақ дарытып еді. Міне, биыл осы іс тағы жалғасын табуда. Қыс қатал сыншы. Осындай сәтте сыртта аяздан жаурап, жылы үйге енген жас-кәрінің бірдей сауабына қалған жігіттерімізге жаз күніндей жаймашуақ ғұмыр тілейміз!

Баян ҮСЕЙІНОВА
23 қараша 2021 ж. 246 0